Ислам дінін қабылдаған мұсылмандарға ең алдымен мына төмендегі бес шартты орындау басты міндет болып саналады:

1 Исламның шарттарының біріншісі «Калима-и шаһадат» айту. Калима-и шаһадат айту дегеніміз, «Әшһәду әллә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу уә расулуһу». Яғни ақыл есі дұрыс, балиғат жасына толған, сөйлей алатын әрбір адамның: «Аспан мен жерде Аллаһтан басқа ғибадат етуге лайықты ешкім жоқ. Ғибадат етуге лайықты тек Ол ғана.»«Ол мәңгі бар. Ол барша әлемнің билеушісі. Оның ешқандай кемшілігі жоқ. Оның есімі Аллаһ» деп осы айтқанына бар ықыласымен сенуі. Сондай-ақ Оның құрметті елшісі әдемі, нұрлы, сүйкімді жүзді, көркем мінезді, қара қасты, қар көзді, мүбәрәк маңдайы ашық, көлеңкесі жерге түспейтін, жұмсақ сөзді,  араб жарты аралында туылғаны үшін араб ұлтының өкілі болып саналған Хашими ұрпағынан «Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед алейһиссалам, Аллаһтың құлы әрі елшісі, яғни Пайғамбары». Уаһбтың қызы Аминаның ұлы.

2 Исламның екінші шарты күн сайын бес рет, уақыты кіргенде, шарттарына сай намаз оқу. Әрбір мұсылманның, күнде уақыты келгенде бес уақыт намаз оқуы және әрбірін уақтылы оқығанын білуі парыз. Намаздың парыз, уәжіб, сүннеттеріне мән бере отырып, бар ықылас ниетін Аллаһу та’алаға беріп, уақытын өткізбей оқу керек. Құран Кәрімде намазды «салат» деп айтқан. «Салат» сөздікте адамның дұға етуі, періштелердің истиғфар (кешірім) оқуы, Аллаһу та’аланың мейірім етуі деген мағыналарға келеді. Исламда «салат» дегеніміз ғылымхал кітаптарында білдіргеніндей белгілі әрекеттерді орындау және белгілі нәрселерді оқуды білдіреді. Намаз ифтитах тәкбірімен басталады. Яғни, ер кісілердің қолдарын құлақтарына дейін көтеріп, кіндік тұсына түсіріп жатқан кезде «Аллаһу акбар» деуімен басталады. Соңғы отырыста, басын алдымен оң жаққа бұрып, сосын сол жаққа бұрып сәлем беру арқылы намазды бітіреді.

3- Исламның бес шартының үшіншісі, Мал-мүлкінің зекетін беру. «Зекеттің» сөздіктегі мағынасы тазалық, мадақ және жақсы, әдемілік дегенге келеді. Исламда зекет дегеніміз қажеттілігінен артып нисап делінген белгілі мөлшердегі дүние мүлкі бар адамның, дүние мүлкінің белгілі бір бөлігін Құран кәрімде айтылған мұсылмандарға міндетсінбей беру дегенді білдіреді. Зекет жеті түрлі адамға беріледі. Төрт мазһабта да төрт түрлі зекет малы бар: Алтын мен күмістің зекеті, саудадағы сатылатын заттың зекеті, қорадағы малдың зекеті және егіндіктің зекеті. Төртінші зекеттің түріне Ушр делінеді. Егіндік жинала салысымен ушр беріледі. Ал жоғарыдағы аталған үш зекет мал нисап мөлшеріне жетіп, содан бір жыл өткен соң беріледі.

4 Исламның бес шартының төртіншісі Рамазан айында ораза ұстау. Ораза ұстауға саум деп айтылады. «Саум» сөздікте бір нәрсені өзгелерден қорғау, сақтау дегенді білдіреді. Бұл үш нәрсе: Ішу, жеу және жыныстық қатынас. Рамазан айы, аспанда жаңа ай (һилал) көрінгенде басталады. Күнтізбедегі есеп бойынша есептелінбейді.

5- Исламның бес шартының бесіншісі, шамасы жеткенде өмірінде бір рет қажыға бару. Жолы қауіпсіз және тәні сау болып, Меккеге барып келгенше үйінде қалған бала-шағасына жететіндей мал-мүліктен артылған ақшамен барып келе алатын адамның, өмірінде бір рет Қағбаны зиярат етуі және Арафат тауында тұруы парыз болады.

Жоғарыда аталған Исламның бес шартының ең үстемі Калима-и шаһадат айту және оның мағынасын түсіну. Одан кейінгісі намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару, ең соңғысы зекет беру. Калима-и шаһадаттың үстем болғаны ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген. Қалған төртеуінің дәрежесінің реті жоғарыда айтқанымыздай. Калима-и шаһадат айту мұсылмандықтың ең басты белгісі. Бес уақыт намаз пайғамбарлықтың 12-ші жылында, яғни хижреттен бір жыл және бірнеше ай бұрын Миғраж түнінде парыз болды. Рамазан оразасы, хижреттің екінші жылы Шабан айында парыз болды. Зекет беру ораза парыз болған жылы Рамазан айында парыз болды. Ал қажылық болса, хижреттің тоғызыншы жылында парыз болды.