Сұрақ: Жетімге жақсылық жасаудың немесе оны ұрудың немесе ақысын жеудің діндегі орны қандай? Жетімдік қанша жасында бітеді?

Жауап: Өсіп, есейген бала жетімдіктен шыққан болып саналады. Жетімге жақсылық жасау өте үлкен сауап.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Жетімге жақсы тәрбие беріп өсірген адаммен қияметте бірге боламыз» (Бұхари)

«Туыс немесе бөтен бір жетімді өзін құтқарғанға дейін баққан адамға жаннат уәжіп болады.» (Әбу Дауд)

«Аллаһу та’ала жетім баққан және оған жақсылық жасалған үйді жақсы көреді.» (Табарани)

«Жетімге жақын бол, оған мейірімділік ет, басын сипа, онымен бірге тамақ же! Осылай еткен адамның көңілі (жүрегі) жұмсарады және қажеттіліктері орындалады.» (Хараити)

«Сабыр етіп, сауабын үміттеніп жетім баққан адаммен жаннатта бірге боламыз» (Табарани)

«Жаннаттың есігін ең бірінші мен ашамын. Сол кезде бір әйел менен бұрын әрекет етеді, одан кім екенін сұраймын, ол: «Жетім қалған балаларыма қараған адаммын» деп айтады» (Әбу Йала)

«Үйлердің ең жақсысы жетімдерге жақсылық жасалған үй. Ең жаманы да жетімге жамандық жасалған үй.» (Ибн Мажә)

«Балаларының барлығына бірдей қарап, жетімге әділетсіздік еткен адам Аллаһтан алыстаған болады.» (Ибн Асакир)

«Жетімдердің, кедейлердің тіршілігін өз мойнына алған адам, Аллаһ жолындағы мүжаһид сияқты болады немесе күндіз саим (ораза тұтқанның), түнде қаим (ғибадат еткеннің) сауабына қауышады» (Бұхари)

«Жаннатқа «Дар-үл-фәраһ» деген сарайға тек мүминдердің жетімдерін қуантқан адам кіреді.»(Нәжжар)

«Көңіліңнің жұмсаруын және қажеттілігің орындалуын қаласаң, жетімге мейірімділік етіп басын сипа және жегеніңді оған да жегіз.» (Табарани) (Жетімнің басын сипаған адамға қажылық сауабы берілетіні де білдірілген)

«Жетімді жылатудан сақтаныңдар.» (Исфахани)

«Мына екі әлсіз жайлы Аллаһтан қорқыңдар! Тұл (күйеусіз, жесір) әйел және жетім бала.» (Бәйһақи)

«Жетім болған шәкіртіне күші жетпейтін істерді ұсынған ұстазға өте ауыр азап бар» (И.Рафии)

Жетімді қуанту

Сұрақ: Жетімнің басын сипаған адамға көп сауап берілетіні білдірілген. Жас шектеуі бар ма?

Жауап: Иә, жас шектеуі бар. Өсіп, есейгенде жетімдік бітеді. Жетімнің басын сипаудан мақсат, оны қандайда бір жолмен қуанту. Міндетті түрде басын сипау керек деген нәрсе жоқ. Мысалы оның бір қажеттілігін алып беру арқылы оны қуанту. Басын сипап тұрып «Сен өзің қандай тентек баласың» деп оны ұрсатын болсақ басын сипаған боламыз, бірақ қуантқан болмаймыз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Тек Аллаһ разылығы үшін жетімнің басын мейірімділікпен сипаған адам, қолының тиген шаштарының санындай сауапқа қауышады» (И.Ахмед)

Демек оның шаштарын сипаған кезде Аллаһ разылығын ойлау керек.

Әркімді қуанту сауап, бірақ жетімді қуанту одан да үлкен сауап. Әркімді ренжіту күнә, ал жетімді ренжіту одан үлкен күнә. Әркімнің мүлкіне әділетсіз түрде қол салу, ақысын жеу харам, бірақ жетімнің ақысын жеу одан да үлкен күнә болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Үлкен күнәлар жетеу, бұлардың бірі жетімнің мүлкін жеу.» (Бәззар)

«Қияметте Аллаһтың құзырында үлкен күнәлардың ең үлкенінің бірі –  жетімнің мүлкін жеу» (Ибн Хаббан)

«Аллаһу та’ала жетімнің мүлкін жеген адамды жаннатқа кіргізбейді.» (Хаким)

«Қияметте бір қауым ауыздарынан от шыққан күйде қабірлерінен тұрады. Аллаһу та’ала (Ниса сүресінің оныншы аятында) "Жетімнің мүлкін әділетсіз түрде жеген адамдар іштеріне от салған болады. Бұлар жалындап жанған отқа тасталады" деген.»  (Әбу Йала)

Жетімдерге жақсылық жасалуы және нафақа берілуі әмір етілді. (Бақара 83, 215)

Жетімді ұрсып қуып жіберіп, ақысын күшпен тартып алған адамға қатты азаптар бар. (Маун 2)

Хазреті Яқуб және бір жетім

Бір адам Яқуб алейһиссаламнан сұрайды:

- Көзің не үшін көрмейді, белің не үшін бүкір болып қалған?

- Көзім Юсуфқа жылағаным үшін көрмей қалды. Бүняминге ренжігенім себепті белім бүкірейіп қалды.

Осы кезде жәбрейіл алейһиссалам келіп былай деді:

- Халіңнен шағымданып жатырсың ба?

- Мен тек қайғы-қасіретімді Аллаһу та’алаға білдіріп жатырмын. Йа Раббым, көздері көрмейтін, белі бүкірейген мына кәрі шалға мейірімділік ет! Екі баламды маған қайтарып бере гөр!

Жәбраил алейхиссалам:

- Аллаһу та’ала сәлем айтып жатыр және былай деді:

«Екі ұлың өлі болғанда да сені қуанту үшін оларды тірілтірер едім. Көзіңнің көрмеуі және беліңнің бүкіреюінің себебі мынау: Бір күні ораза тұтқан , қарны аш, кедей бір жетім саған келген еді. Кейін қой сойып отбасыңмен жеген кезде оған да жіберуді есіңе түсіре алмадың. Мен жетім және кедейлерді жақсы көргенімдей еш нәрсені жақсы көрмеймін. Қәне бір тамақ дайындап, кедейлерді шақыр!»

Яқуб алейһиссалам ораза тұтқандарды кешке, ораза тұтпағандарды таңертең тамаққа шақырды. (Хаким)

Белгілі болғанындай ақыры екі баласына қауышты. Олай болса жетімге мейірім ету керек, зұлымдық жасамау, ақысын жемеу керек!