Зекетті қашан беру керек?

Сұрақ: Зекетті қашан беру керек?

Жауап: Зекет – парыз болған кезде беріледі. Нисаб деп аталатын байлық мөлшеріне жеткен адам байыған күнін қамари (хижри) ай бойынша бір жерге жазып белгілеп қояды. Мәселен 3 ражапта байыған болса, бір жылдан кейін ражаптың...

Пітір берудің маңызы

Сұрақ: Пітір берудің маңызы қандай? Кімдердің пітір беруі керек?

Жауап: Қажетті заттарынан және қарыздарынан артық болып, зекет нисабы (96гр алтын) мөлшерінде мал-мүлкі, ақшасы бар болған мұсылманның пітір беруі уәжіп болады.

Ұшыр

Сұрақ: Ұшыр дегеніміз не?

Жауап: Жерден өсіп шығатын егін өнімдерінің зекетін ұшыр деп атайды. Кедей немесе қарызы бар адамның да ұшыр беруі керек. Бірақ сауда тауарлары және малдардың зекеті бұлай емес. Бұларда қарыздар қолдағы ақшадан және ...

Исламның шарттары

Ислам дінін қабылдаған мұсылмандарға ең алдымен мына төмендегі бес шартты орындау басты міндет болып саналады:

1 Исламның шарттарының біріншісі «Калима-и шаһадат» айту. Калима-и шаһадат айту дегеніміз, «Әшһәду әллә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу уә расулуһу». Яғни ақыл есі дұрыс, балиғат жасына толған, сөйлей алатын әрбір адамның: «Аспан мен жерде Аллаһтан басқа ғибадат етуге лайықты ешкім жоқ. Ғибадат етуге лайықты тек Ол ғана.»«Ол мәңгі бар. Ол барша әлемнің билеушісі. Оның ешқандай кемшілігі жоқ. Оның есімі Аллаһ» деп осы айтқанына бар ықыласымен сенуі.

Тауып алынған нәрселер

Сұрақ: Жерден тауып алынған нәрсе тапқан адамдікі бола ма?

Жауап: Тауып алынған нәрселердің, тасқынмен, өзенмен ағып келген нәрселердің және далаға тасталған нәрселердің үкімі әр түрлі болады. Тауып алынған нәрселер дегеніміз жалпы құнды нәрселер. Иесі оны лақтырып тастамаған, жоғалтқан болады. Тауып алынған, бірақ иесі белгісіз болған мал-мүлікті “луқата” деп атайды. Иесіне қайтарып беретініне сенімді болған адамның оны қорғауы үшін алуы сүннет.