Ниетсіз ораза

Сұрақ: Түнгі сменада жұмыс істеймін. Рамазан айында оразаға ниет етуді ұмытып жатып қалдым. Оянған кезімде түскі намаздың азаны айтылып жатты. Айналамдағылар енді ниет етуге болмайды, ниет ету уақыты өтіп кетті деді. Бәлкім бір жолы бар шығар деп кешке дейін ешнәрсе ішіп-жемедім. Аузы берік...

Намаз оқу кiмдерге парыз?

Намаз оқу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір ер және әйел мұсылманға парыз. Намаздың парыз болуы үшiн мына үш шарт орындалуы керек:

1.       Мұсылман болу тиіс.

2.       Ақылды болу тиіс.

Қажылықтың парыздары

1- Қажылықты ихраммен жасау.

2- Уақфаға тұру. (Арапа күні Арафат тауының “Уади-и урана” деп аталатын жерінен басқа кез-келген жерінде бесін және екінді намаздарынан кейін уақфаға тұру.) ...

Қаза намаздары

Сұрақ: Мысалы адам намаз оқып жүріп, тастап кетсе. Кейін біраз уақыттан кейін қайтадан бастаса. Қалып қойған намаздарды қалай өтеуге болады? Тәсбих намазын оқыса орнын толтыра ма?

Жауап: Өз уақытында оқылмаған намаз қаза болады. Яғни уақытынан өткізіп алсаңыз қазасын оқисыз. Үзірсіз (себепсіз) қазаға қалдыру үлкен күнә болады. Қаза болған намазды мүмкіндік болуымен дереу оқып алу керек. Қаза намазды оқу парыз болып табылады, сонымен қатар қазаға қалдырғаны үшін қосымша тәубе ету де керек

НАМАЗ - ҰЛЫ ӘМIР

Адам алейһиссаламнан берi әрбiр дiнде белгiлi бір уақытта орындалатын намаздары болған. Сол ғибадаттардың барлығы жинақталып, Мұхаммед алейһиссаламның үмбетiне парыз етiлдi. Намаз оқу иманның шарты емес. Алайда намаз оқудың парыз екендiгiне сену иманның шарты болып табылады.

Намаз - дiннiң тiрегi. Намазын үзбей, әрi қатесiз оқитын жан ислам ғимаратын тұрғызғанмен бірдей. Ал оқымағандар  керісінше ислам ғимаратын құлатқанмен бірдей болып саналады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дiнiмiздiң басы, негiзi – намаз»  деп намаздың өзектiлiгiне мән берген.