Музыканың діндегі үкімі

Сұрақ: Музыка харамба?

Жауап: “Симаның” жаиз болған жерлері бар. Кейбіреулер кітаптардағы “сима” сөзін “сазды аспап” деп тәржімә еткендері үшін мубах болған сазды аспаптар болады екен деп түсінілуде. Төмендегі жазулардың барлығы...

Ішіп-жеуі харам болған нәрселер

Сұрақ: Қандай нәрселерді ішіп-жеу харам болады? Олардың харам болу себебі неде?

Жауап: Дініміз тыйым салғаны үшін кейбір жануарлардың еттерін жеуге болмайды. Әрине бұл тыйымдарда көптеген хикметтер бар.

Жаиз деген не?

Сұрақ: Жаиз деген не?

Жауап: Жаиз сөзі сөйлемде қолданылған орнына байланысты әр-түрлі мағынаға келеді:

1- Жаиз сөзі – көбінесе рұқсат берілген, күнә емес деген мағыналарға келеді. Бірақ бұл жаиз делінген нәрсені жасамау абзал болады.

Тауып алынған нәрселер

Сұрақ: Жерден тауып алынған нәрсе тапқан адамдікі бола ма?

Жауап: Тауып алынған нәрселердің, тасқынмен, өзенмен ағып келген нәрселердің және далаға тасталған нәрселердің үкімі әр түрлі болады. Тауып алынған нәрселер дегеніміз жалпы құнды нәрселер. Иесі оны лақтырып тастамаған, жоғалтқан болады. Тауып алынған, бірақ иесі белгісіз болған мал-мүлікті “луқата” деп атайды. Иесіне қайтарып беретініне сенімді болған адамның оны қорғауы үшін алуы сүннет.

Иманды сақтап қалу үшін

Қияметке жақындаған сайын әлемді қараңғылық қаптай береді. Ал қараңғылық артқан сайын адамдардың қақтығысы да артады, бірі екіншісімен, ол үшінші біреуімен қақтығысады. Ортаны қарайтып нұрды қашыратын нәрсе харамдардың, бидғаттардың және күпіршіліктің қараңғылығы. Имам Раббани хазреттері ғасырлар бұрын өз заманы туралы «Бидғаттардың көбейгені соншалық дүние қарайды» деген. Ол кезде бидғаттар барлық жерді қарайтқан еді. Ақыр заманда болса күпірдің қараңғылығы барлық жерді қарайтады.

Харамдардан кімдер тыйылады?

Сұрақ: Харамдардан кімдер, калай сақтанады?

Жауап: Парыздарды барлық адамдар жасай алады, алайда харамдардан барлық адамдар қаша алмайды. Тек Аллаһу та’аланың салих құлдары ғана қашады. Дінімізде күнә істемеу ғибадат жасаудан да құнды. Бір хадис шәрифте: «Зередей (кішкентай, өте аз) бір күнәдан қашу – бүкіл жын және адамдардың (нәпіл) ғибадаттарының қосындысынан да артық» делінген. Күнәлардың барлығы Аллаһу та’алаға қарсы шығушылық болғандықтан бәрі де үлкен болып саналады. Бірақ кейбіреуі кейбіреуіне қарағанда кішi болып көрінеді. Бір кішкентай күнәні жасамаудың сауабы – бүкіл жaһанның нәпіл ғибадаттарынын сауабынан да көп. Өйткені нәпіл ғибадат жасау парыз емес. Ал күнәлардан қашу, күнә істемеу болса, парыз болып табылады. (Рияд-ун-Насихин)