Қағбаның орны ұмытылған жылдардың бірінде Ибраһим алейһиссалам Хажар анамызбен ұлы Исмаилды алып, қазіргі Қағба тұрған жерге келеді. “Маған сендерді осы жерге қалдыруым бұйырылды” деп бұрылып кетеді. Хажар анамыз тәуекел етіп әмірге мойын иеді де “Раббым бізге жеткілікті!” дейді. Жандарында бір шөлмек су және 3-5 дана құрма бар еді. Оның үстіне Исмаил әлі нәресте еді. Хажар анамыз бір нәрсе табуға үміттеніп Сафа төбешігіне шығады. Бірде бір ағаш, қураған шөп те жоқ болады. Кейін Мәруа төбешігіне шығады.

Қайтып келгенінде ұлын таппай қалады. Қатты абыржыған күйде қайтадан Сафа және Мәруа арасында ыстық күн астында 7 рет қиналып жүгіріп жүреді. Кейін тәтті дауыс естиді. Алдынан айдай жарқыраған Жәбрейiл алейһиссалам көрінеді. Осы таңданыста Хажар анамыз ұлын көреді. Сүйкімді сәбиінің аяқтарының астынан мөлдір су шығып жатқанын көріп, суды бір жерге жинағысы келеді. Бір жағынан судың айналасын бекітіп бір жағынан шөлмегін толтыруға тырысады. Мәнсіз абыржыған үнмен “Зәм” (тоқта) дейді. Тіпті “Зәм!.. Зәм!..” деп айқайлап жібереді. Жәбрейіл алейһиссалам күлімдейді. “Қоя бер, ақсын! Бұл су үнемі ағады, еш таусылмайды.” дейді.

Бұл суға көшпенді тайпалардың назары ауады. Соңында Жүрхумилер Хажар анамыздан рұқсат алып, Қубайс тауының етегіне қоныстанады. Осылай қасиетті жер қалаға айналып аты Мекке деп аталады.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

“Қасиетті Зәмзәм суы мүбәрәк.”

“Қасиетті Зәмзәм ішкенді тойғызады.”

“Жер бетіндегі құдықтардың ең қайырлысы Зәмзәм құдығы.”

“Қасиетті Зәмзәм қандай ниетпен ішілетін болса, шипасы сол үшін болады.”

Зәмзәмді ішетін кезде қыблаға қарау керек. Бисмиллә айтып түрегеп тұрып және тойғанша ішу керек. Ішу кезінде үш рет дем алынады. Дұға ету керек және соңында шүкір ету керек. Зәмзәм суын ішіп айтылған дұға қабыл болады.

Әр тауаф еткеннен кейін зәмзәм суын ішу мүстаһаб. Миллиондаған қажылар ішіп, жуынып, елдеріне алып кетеді. Су насостарымен күні-түні тартып жатқанымен бітпейді. Зәмзәмнің жер жүзіндегі сулардың ең нәзігі ең үстемі екендігі білдірілген.