Харам істеу оразаны бұзады ма?

Сұрақ: Ораза ұстап жүргенде күнә істеу, ғайбат айту оразаны бұзады ма?

Жауап: Оразаны бұзбайды, бірақ әсіресе ораза ұстап жүргенде күнәдан көбірек сақтану керек. Хадис шәрифте: «Ғайбат айту, сөз тасу, өтірік жерде ант ету, бөтендерге шаһуетпен...

Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Ораза тұту денсаулыққа зиянды емес, керісінше өте пайдалы. Өйткені Аллаһу та’ала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Пайғамбарымыз да «Ораза тұтыңдар, денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған.

Ораза тұту асқазан мазасыздығына себеп...

Рамазан айы

Рамазан айын құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде былай...

Тарауих намазы

Сұрақ: Тарауих намазы қанша рәкат және жамағатпен оқу сүннет пе, қалай оқылады?

Жауап: Пайғамбарымыз 3-4 күн тарауих намазын жамағатпен оқыды, одан кейін үйінен шықпай қойды. Себебін сұрағанда «Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорққаным үшін үйден...

Оразаны бұзатын нәрселер

Ғылымхал кітаптарында оразаны бұзатын және кәфарат керек ететін жағдайлар үшін жалпы қағида білдірілген. Азық немесе дәрі ретінде пайдалы бір нәрсе жеп ішу, ләззат беретін нәрсені ауыздан өткізу және жима (әйелімен қосылу) оразаны бұзады. Оразаны бұзатын бұл нәрселер біле тұра жасалса әрі қаза, әрі кәфарат керек болады.

Ифтар (ауызашар) берудің сауабы

Хадис шәрифте: «Рамазанда бір қонаққа ауызашар бергенге Сират көпірін өту оңай қылынады.» делінген (Уәсиләт-ун-нажат)
       Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. пайғамбарымыз: «Кімде кім рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе...

Рамазанда жұрттың көзінше тамақ жеу

Сұрақ: Рамазанда «Аллаһтан жасырмағанды құлдан жасырам ба» деп ашықтан-ашық ішіп-жейтіндер кездесіп жатады. Ораза тұтқандардың көзінше бірдеңе шайнап отыру күнә емес пе?

Жауап: Рамазанда өзгелер көретін жерде ішіп-жеген кісілер күнә істеген болады. Күнәны ашық түрде...

Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар

Сұрақ: Мен студентпін, сабағымды жақсы түсіну үшін кейбір күндері ораза тұтпасам, кейін қазасын ұстасам бола ма?

Жауап: Ораза ұстау сабақтарыңа кедергі болмайды. Керісінше жақсы түсінуің үшін көмекші болады. Қарын қатты тоқ болса адамның миы жақсы...

Оразаны бұзбайтын нәрселер

Оразаны бұзбайтын бірақ сауабын азайтатын нәрселерден де қашу керек. Ораза тұтқандарға уәделенген үлкен сауабқа қауышу үшін бұл шарт болып табылады.

Бір  ғибадатты орындағанда, бұл ғибадаттың парыздарын, уәжіптерін, сүннеттерін...

Ауызашарды кешіктіру жаиз ба?

Сұрақ: Бір жұмыстармен ауызашарды қай уақытқа дейін кешіктіру жаиз болады?

Жауап: Ақшам уақыты кіргені анық белгілі болса, алдымен құрма, су сияқты нәрселермен ауыз ашылады, одан кейін намаз оқылады. Тамақты тез жеп, содан кейін намаз оқу да жаиз.

Ниетсіз ораза

Сұрақ: Түнгі сменада жұмыс істеймін. Рамазан айында оразаға ниет етуді ұмытып жатып қалдым. Оянған кезімде түскі намаздың азаны айтылып жатты. Айналамдағылар енді ниет етуге болмайды, ниет ету уақыты өтіп кетті деді. Бәлкім бір жолы бар шығар деп кешке дейін ешнәрсе ішіп-жемедім. Аузы берік...

Тәһәжжүд, сәре уақыты және сәре тағамы

Сұрақ: Сәре уақытының маңызы қандай және қалай есептеледі?

Жауап: Сәре уақыты шариғи түннің, яғни күн батуынан имсак уақытына дейінгі уақыт аралығының, соңғы алтыдан бір бөлігі. Бұл уақыт жаз бен қыста көбейіп азаяды.

Оразаны ұйқыда өткізу

Сұрақ: Бір молда: «Оразасын ұйқыда өткізетін адам сауап алмайды, алса тек түсінде ғана алар. Оразаның сауабын қиялдай да алмайды» дейді. Мен түнде жұмыс істеймін, күндіз ұйықтаймын, тек намаз уақыттарында тұрып, намаздарымды оқып, қайтадан жатамын. Менің оразаларым босқа кетіп жатыр ма?

Ауыздағы қан және ораза

Сұрақ: С.Әбәдийа кітабында «Ауыз кейде дененің іші болып саналады. Сондықтан, ораза ұстаған адам түкірігін жұтса оразасы бұзылмайды. Адамның ішіндегі нәжістің асқазаннан ішектерге өтуі сияқты болады. Ауыздағы жарадан немесе тіс жұлдырудан, инемен дәрі (укол) егілген жерден немесе асқазаннан ауызға қанның шығуы дәретті...

Ауызашар берудің құндылығы

Сұрақ: Ауызашар берудің сауабы қандай?

Жауап: Ауызашар беру өте үлкен сауап. Жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына қауышылады.

Ораза тұту пайдалы

Аллаһу та’ала адамдарға зиянды нәрсені әмір етпейді. Мұны медицина мамандары растауда:

Ораза тұтқан адамдарда адреналин және кортизон гармондары қанға бұрынғыдан да оңай араласады. Бұл гармондар рак клеткаларына әсерін тигізеді. Осылай рак клеткаларына қарсы...

Оразадан күтілетін пайдалар

Ораза тұтқан кезде дініміздің басқа бұйрықтарына да мән беруіміз керек. Оларға мән берілмесе тұтылған оразаның сауабы азаяды немесе жоқ болады. Оразаның және басқа бұйрықтардың мақсаты - дұрыс адам болу. Ораза тұтқан адам жаман істер жасайтын болса, оразадан күтілген пайдаға қол жеткізу өте қиын.

Ораза тек ауыз бекіту емес

Аллаһу та'ала иман еткендерге жылына бір рет рамазан айында ораза ұстауды әмір еткен. Хақ та’ала бұл әмірді себепсіз бермеген. Ораза адамдарға әрі материалды, әрі рухани пайда беруде. Бір жыл бойы түрлі тағамдарды қорту үшін шаршаған адамның асқазаны және ішектері жылына бір рет демалып, өзінің саулығын сақтаған болады.

Ораза және Рамазан айының құндылығы

Сұрақ: Рамазан айының құндылығы қандай?

Жауап: Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:

Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа...

Ауыз иісі және ораза

Сұрақ: Протез тістерім қатты иістенеді. Аузым берік кезде тіс пастасымен тазалайын десем, оразам мәкрух болады. Адамдарды (ауыз сасығымен) мазалау харам болса, тісті тіс пастасымен тазалау неге мәкрух болады?

Жауап: Сәресі уақытында тіс...

Әйелдердің хайз күндерінде

Сұрақ: Рамазанда бір әйелдің хайзы (етеккірі) келсе, тұтқан оразасын ашып жібере ала ма? Хайзы бітуге жақындағанда ішіп-жеуі күнә болады ма?

Жауап: Рамазанда бір әйелдің хайзы имсак (ауыз бекітетін) уақытынан кейін тоқтаса, сол күні кешке дейін ораза ұстағандай ешнәрсе жемей жүреді.

Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы

Имам Раббани хазреттері бұл жөнінде былай деген:

Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі ай. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап, басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз, басқа айларда...

Пітір берудің маңызы

Сұрақ: Пітір берудің маңызы қандай? Кімдердің пітір беруі керек?

Жауап: Қажетті заттарынан және қарыздарынан артық болып, зекет нисабы (96гр алтын) мөлшерінде мал-мүлкі, ақшасы бар болған мұсылманның пітір беруі уәжіп болады.

Итикаф деген не, әйелдер қалай істейді?

Сұрақ: Итикаф деген не? Әйелдердің үйде итикаф жасауына болады ма?

Жауап: Рамазан айының соңғы он күнінде бір мешітке кіріп күндіз-түні ғибадат етуге итикаф делінеді. Қасиетті Рамазан айында итикаф жасау муәккад сүннет болып табылады.

Рамазанның 27-ші түні

Сұрақ: Қадір түнінің Рамазан айының жиырма жетінші түні екені нақты ма?

Жауап: Жоқ, нақты емес, бірақ бұл түнді, яғни Рамазан айының 27-түнін ғибадатпен өткізу өте сауапты іс болады. Бірнеше хадис шәрифте былай келген: ...

Ахиреттің бақытына қауышу үшін бұл ай мүмкіндік

Бақыт айы, мейірім айы, кешірім айы болған қасиетті Рамазан айы басталды...

Бәрімізді қасиетті Рамазан айының шапағаты мен берекесіне қауышқан, Рамазан айында кешірілген және тозақтан азат етілген пенделерінен етуін Хақ та’аладан тілейміз.

Дін бауырларымызға қайырлы өмір, жақсы мінез-құлық, сәлим ақыл, зор денсаулық, берік иман, тура жол және рушду хидаят ихсан етуін Раббымыздан тілейміз.

Ораза тұтқан адамға мәкрух болған нәрселер

Мәкрух болатындар мыналар:

1) Тістерді тіс пастасымен тазалау, пастасыз болса мәкрух болмайды.

2) Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух. Егер ауыздағы жара намаз оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды, өйткені үзір бар.

3) Жүніп болу ықтималы бар кезде әйелін сүю.

4) Рамазан күні инемен дәрі (укол) қабылдау немесе өз қалауымен ауыз толтырып құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің етеккірі (хайзы) тоқтаса кешке дейін ораза ұстаған адамдай ешнәрсе жемей жүрулері керек, ішіп-жеулері мәкрух болады.

Сапарда ораза ұстау

Сұрақ: Сапарда жүрген адамға Рамазан оразасы парыз ба?

Жауап: Иә, бірақ қазаға қалдыруы жаиз болады.

Сұрақ: Сапарда ораза ұстау міндетті емес болғанына қарағанда, Рамазан оразасын ұстаған адам нәпіл сауабын алады ма?

Жауап: Сафари (жолаушы) болған адам Рамазан оразасын ұстаса парыз сауабын алады.

Күнә істеп жүрген адамның оразасы

Сұрақ: Кейбір адамдар «Намаз оқымайтын, ішкілік ішетін, орамалсыз ашық-шашық жүретін немесе басқа күнәларды істеп жүрген адам босқа ораза ұстамау керек» деп жатады. Бұл сөз дұрыс па?

Жауап: Жоқ, дінге қайшы. Бірнеше күнә істеген адамның басқа күнәларды да істеуі қажет емес. Әрі ораза тұтып, әрі күнә істейтін адам, ораза ұстау арқылы берілетін үлкен сауапқа жете алмайды, бірақ ахиретте неге ораза ұстамадың деп есепке тартылмайды. Ораза парызын өтеген болады, тіпті оразаның берекетімен басқа күнәлардан да сақтану мүмкіндігі болады.

Ораза және аштық

Ораза – тек аштық пен шөлдеу деген сөз емес. Бір жануарды немесе сенбейтін адамды бір бөлмеге қамап, аш-сусыз қалдырумен оған ораза ұстатқызған болмаймыз. Оразаның сабыр, шүкір, нәпіс тәрбиесі сияқты басқа ғибадаттармен байланысы бар. Осы себептен хадис шәрифте «Әр нәрсенің есігі бар. Ал ғибадаттардың есігі – ораза» делінген. (Ибн Мүбәрәк)

Жүйке жүйесінің денедегі орны өте маңызды. Тіл жүйкелері сал болған адам сөйлей алмайды. Аяқтағы жүйкелер сал болса, адам жүре алмайды. Жүйкеміздің бұзылу шамасында өмірімізге аз немесе көп қауіп төнеді. Жүйкесі бұзылған адам мазасыз болады, сабыр ете алмайды. Қоғамдағы ұрыс-керістердің, қылмыстардың көбі жүйкесі жұқа болудан, сабырсыздықтан туындауда. «Ораза сабырдың, ал сабыр иманның жартысы» деген хадис шәриф ораза ұстаған адамның сабырлы екенін білдіруде. (Әбу Нуайм)

Тарауих намазы

Тарауих намазы еркектерге де әйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының әр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптанның соңғы сүннетімен уiтiр намазының арасы. Мәселен тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге уiтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса тарауих намазы емес нәпiл намазы болады. Тарауих намазы жиырма рәкаттан тұрады.

Науқастардың ораза ұстауы

Сұрақ: Асқазаны толығымен алынған адам ораза ұстай алады ма?

Жауап: Маман дәрігерлер ораза ұстауының ешқандай зияны жоқ екендігін айтуда.

Ораза және фидйа

Сұрақ: Ораза ұстай алмайтындай дәрежеде кәрі немесе ауру адам ораза ұстай алмайтын болса, не істеуі керек?

Жауап: Қатты қартайып, қайтыс болғанға дейін Рамазан оразасын немесе қаза оразаларын ұстай алмайтын қарт немесе жазылып кетуінен үміт үзілген науқас ораза ұстамайды, кедей болмаса фидйа береді. Бір хадис шәрифте: «Ораза ұстай алмайтындай кәрі немесе жазылып кетуіне үміт қалмаған науқас адамдар фидйа береді» делінген. (Нәсаи)