Ислам ілімдері

Ислам ілімдері “Улуми нақлийа” (нақыл ілімдері, дін ілімдері) және “Улуми ақлийа” (ақли ілімдер, пән (жаратылыстану) ілімдері) болып екіге бөлінеді. Улуми нақлийа яғни дін ілімдері де екіге бөлінеді, “Улуми алийа” (жоғары ілімдер) және “Улуми ибтидаийа” құрал (көмекші) ілімдер. Жоғары ілімдер сегіз: ...

Иман және исламның шарттары

Сұрақ: Иман турасында әрбір мұсылманның білуі міндетті болған нәрселерді қысқаша айтып бересіз бе?

Жауап: Әрбір мұсылманның білуі міндетті болған иман ілімдері – иманның шарттары және исламның шарттары болып табылады.

Иманның шарттары мыналар:

1- Аллаһу та’алаға сену

Аллаһу та’ала уажиб-ул-ужуд (бар болуы қажет болған) бүкіл болмыстардың жаратушысы. Одан басқа илаһ жоқ. Аллаһу та’ала уақытқа, мекенге мұқтаж емес. Ешнәрсеге ұқсамайды.

Қабір сұрақтары

Сұрақ: Қабірде қандай сұрақтар қойылады, жауаптары қандай?

Жауап: Қабірдегі сұрақтарға жауап беру үшін мыналарды үйрену керек:

Раббың кім? – Аллаһу та’ала.

Суреті бар жайнамаздар

Сұрақ: Ислам әріптерімен жазылған, қағба немесе мешіттің суреті бар жайнамазда намаз оқуға болады ма?

Жауап: Үстінде Ислам әріптерімен жазылған жазу, тіпті бір әріп бар болған жайнамазды жерге төсеу тахримән мәкрух болады. Бұларды қай мақсатта болса да жерге төсеу – оны қорлау, оған құрметсіздік жасау болады. Тікелей қорлау мақсатында жерге төсейтін болса, күпір болады. Бетінде қағба, мешіт немесе Ислам әріптерімен жазуы бар болған жайнамаздарды намаз оқу үшін жерге төсеу де жаиз (рұқсат) емес. (Хадиқа 2 том, 633 бет)

Ихлас – халас (Тек ихласпен жасалған амал ғана адамды құтқарады)

Исламға толық мойынсұну – ілім, амал және ықыласпен (ихлас) жүзеге асады. Барлық сөзде, барлық жағдайда және барлық әрекетте өздігінен пайда болатын ықылас “мұхлас” адамға нәсіп болады. 

Ықылас (ихлас) – халис, таза ету, ниетті тазарту, дүниелік пайдаларды ойламай бүкіл істерді, әрекеттерді тек Аллаһ үшін жасау дегенді білдіреді. 

Ықылас денемен немесе мал мүлікпен жасалатын бүкіл парыз немесе нәпіл ғибадаттарды, мәселен жақсылық, қайырымдылық жасау, мұсылмандарды қуанту, оларды қиыншылықтан құтқаруды, зікірді, истиғфарды Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз.  

Мұсылмандық көркем мінез деген сөз

Ислам – әдептілік және жақсы мінез діні. Пайғамбарымыз «Жақсы мінездерді толықтыру үшін, жақсы мінездерді дүниеге жаю үшін жіберілдім.» деп бұйырған. Расулуллаһ алейһиссалам тағы «Сендердің иман жағынан кәміл болғандарың мінезі жақсы болып, адамдарға жақсылық жасағандарың» деп тіпті иманды да мінезбен және адамдарға пайдалы болумен өлшеген.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде пайғамбарымызды «Ақиқатта сен үстем мінез иесісің.» деп бұйырып, мінез-хұлқын мақтаған.

Әр ауруда бір пайда бар

Сұрақ: Ислам ғалымдары «Әр ауруда бір шипа бар. Дене қаншалықты қиыншылық көрсе, рух соншалықты рахаттанады. Денеге мазасыздық беретін әр нәрсе адамның әлсіздігін түсінуіне, Хақ та’алаға қайтуына себеп болады. Осы себептен жүрек (көңіл) үшін шипа» деген. Бірақ мен ауырған кезде рухым өте қатты қиналады, зорлық-зомбылық шегіп жатқандай мазасызданамын. Түсінгенімше, ауруда шипаның болуы бәрі үшін бірдей емес. Солай емес пе?

Жауап: Сіз рух пен нәпісті шатастырғандықтан осылай айтып жатырсыз. Адамның бір жері ауырған кезде, жеңіл немесе ауыр ауруға шалдыққанда мазасызданатын, рахаты бұзылып, қалауларына жете алмағаны үшін қиналатын нәпіс. Біз мазасызданған кезде оның да мазасыздығы артады. Құлақ түстің әсемдігін сезіне алмағанындай, көз де дыбыстардан ләззат ала алмайды. Әр нәрсенің өз рахаты болады.

Күнді оң қолыма қойсаң да...

Пайғамбарымыз алейһиссалам осы дағуаттарынан кейін қай жерде жалғыз немесе жиналған адамдарды көрсе, оларға Исламды уағыздады. Шынайы бақыттың және құтылудың – нәпіске еруден, зұлымдықтан, әділетсіздіктен және де бүкіл жаман істерден аулақ болуда, Аллаһу та'алаға иман етуде екенін түсіндірді. Нәпсілерінің қолында ойыншық болғандар, шәһуаттарының құлы болғандар, кедейлер мен әлсіздерді қорлайтындар және бұзақылықты кәсіпке айналдырғандар Расулуллаһтың айтқандарына қатты қарсылық көрсетті. Олар күнделікті әдетке айналдырып істеп жүрген бұл азғын әрекеттеріне тоқтау салынатынын көріп, Мұхаммед алейһиссаламның айтқандарына мүнкір (сенбеу, мойындамау) болды. Оған және иман келтіргендерге жау болды.

Таулар құмға айналғанда...

Ислам діні күн сайын таралып, Құран кәрімнің нұры рухтарға жарық шашып, нәрлендіріп жатқан еді. Қараңғылық ішіндегі адамдар Аллаһу та’аланың ихсанымен иманға келіп, тура жолға түсіп жатты. Сахаба болу құрметіне ие болған бұл мүбәрәк адамдар (радиаллаһу анһум) бірігіп, бір-бірін қолдап, қуаттап пайғамбарымыздың айналасына жиналып жатты. Расулуллаһтың кішкентай бір өтінішін, қалауын үлкен бұйрық деп біліп, оны орындауға жарысып, тіпті сол жолда жандарын пида етуге дайын еді. Ал мүшриктердің болса мазалары кетіп, үрейлері арта түсті. Өйткені сол дәуірдің ер жүрек қаһармандарының бірі болған хазіреті Хамза да мұсылман болып, пайғамбардың жанынан орын алған еді. Бұл күтпеген оқиға мүшриктерді қатты алаңдатты.

Қайғылы жылдар

Қоршау: Мүшриктер Исламның көңілдерден орын алуына, ықпалына және таралуына тосқауыл болу үшін бар күштерін салып жатқан еді. Осыған қарамастан, күн өткен сайын мұсылмандардың саны арта берді. Мұсылмандарға жасалған қастандықтар мен зұлымдықтар оларды жолдарынан мүлдем қайтармай, керісінше, бір-біріне деген қамқорлықтарының, бірліктерінің нығая түсуіне себеп болды. Ешқайсысы дінінен қайтпай, Расулуллаһтың жолында жандарын құрбан етуден де тайсалмады. Мұны естіген Мекке тысындағы тайпалардың қызығушылығы артып, Исламның нұры алыс жерлерге дейін таралып жатыр еді. Мүшриктер Хабашстанға жіберген елшілері мақсаттарына жете алмай бос қайтқанын, тіпті Нәжаши Әсхамәнің мұсылмандықты қабылдап, мұсылмандарды қорғап, олармен жақсы мәміледе болғанын естіп, ызаланғандарынан қаны бастарына шапты. Осы ашу-ызаларының кегін артығымен қайтару үшін және Исламды түп-тамырымен жою үшін олар мынадай шешім қабылдады: «Мұхаммед алейһиссаламды кім қай жерде көрсе өлтірсін!...» Кәпірлер осы келісімдеріне қайта-қайта ант етіп, уәде алысты.