Әркім өз пиғылына жараса жаза тартуда

Сұрақ: Аллаһ дүниеде өмір сүрген көптеген дінсіз адамдарға неліктен иман ниғметін бермейді?

Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:

Аллаһу та’аланың файздары (нұрлары), ниғметтері, ихсандары (сыйлары)...

Тұмар тағу

Сұрақ: Дұға оқып ауру адамға үрлеу және тұмар тағып жүру дұрыс емес нәрсе ме?

Жауап: Жоқ, дұрыс нәрсе. Бұл туралы кітаптарда былай делінген:

Аяти кәриманы және Расулуллаһтан келген...

Көз тиюі хақ

Сұрақ: Менің 2 жасар қызым бар, соның қолына көз моншақ таққанбыз тіл-көзден сақтасын деп. Адам өзінен белгісіз бір сәуле (луч) шығарады дейді, соған қарсы тақса ширк немесе күна бола ма?

Жауап: Көздің тиюі бар нәрсе. Адамға, жануарға тіпті жансыз заттарға да көз тиеді.

Музыканың діндегі үкімі

Сұрақ: Музыка харамба?

Жауап: “Симаның” жаиз болған жерлері бар. Кейбіреулер кітаптардағы “сима” сөзін “сазды аспап” деп тәржімә еткендері үшін мубах болған сазды аспаптар болады екен деп түсінілуде. Төмендегі жазулардың барлығы...

Адам не үшін жаратылды

Сұрақ: Aллаһу та’aла адамды не үшін жаратты?

Жауап: Аллаһу та’ала дүниені және бүкіл әлемді адам үшін жаратты. Өсімдіктерді, жануарларды, су, тас, топырақ, жер асты кен-байлықтары секілді барлық нәрсені адамның қолдануы үшін жаратты. Ал адамдарды өзін тануы үшін және...

Сыйлық берудің үкімдері

Сұрақ: Сый жасаудың маңызы қандай? Сыйланған нәрсені сыйланған адамның рұқсатынсыз қайтарып алуға немесе рұқсатсыз қолдану жаиз ба?

Жауап: Сыйлық кімге берілсе соныкі болады. Оны рұқсатсыз қолдануға болмайды.

Жындардың зияндары

Сұрақ: Жын адамға зиянын тигізе ме, адам пішініне ене ала ма? Оның зиянынан сақтану үшін не істеу керек?

Жауап: Жындардың мұсылманы да, мұсылман емесі де бар. Мұсылман жындардан адамдарға ешқандай зиян келмейді.

Ағаш отырғызудың маңызы

Сұрақ: Дінімізде ағаш отырғызудыңмаңызы қандай?

Жауап: Жемісті-жеміссіз ағаштардың және ормандардың адамдарға тигізетін пайдалары санауға келмейтіндей мөлшерде көп. Адамзатқа осылай ағаш отырғызып пайда тигізудің, қызмет етудің дініміздегі маңызы да үлкен.  ...

Ұмытшақтық және одан құтылу жолдары

Сұрақ: Ұмытшақтыққа не себеп болады?

Жауап: Көп себебі бар. Кейбірлері мыналар:

Күнә істеу. «Күнә істеуі көп болғандардың ұмытшақтығы да көп болады» делінген. Бамдат намазы уақытында ұйықтау, дүние үшін ...

Жақсы дос таңдау

Сұрақ: Адамның ең үлкен дұшпаны кім?

Жауап: Мұсылманның ең үлкен үш дұшпаны бар: шайтан, нәпіс және жаман дос. Жаман дос шайтан мен нәпістен де зиянды. Хадис шәрифте былай делінген: ...

Түс көру

Cұрақ: Түс туралы, түс жору туралы мәлімет бересіздер ме?

ЖАУАП: Түстің шайтанисі де болады, Рахманисі де болады. Түсті жору терең ілімді талап етеді. Біз оны ажыратып біле алатындай ілімге ие емеспіз. Әр адам жора алмайды. Әсіресе мына заманда ...

Оң және сол ұғымы

Сұрақ: Исламдағы оң жақ және сол жақ ұғымдары туралы мәлімет бересіз бе? Мысалы: оң қолмен ішіп-жеудің қандай да бір хикметі бар ма? Адамның оң жағын да, сол жағын да Аллаһу та’ала жаратқан ғой, неге дінімізде оң жақ пен сол жақтың айырмашылығы бар? ...

Денсаулық үшін қажетті мәліметтер

1) Жеткілікті мөлшерде су ішуге тырысу керек.

2) Әр көкөніс пен жеміс-жидектерді өз мезгілінде жеу керек. Басқа мезгілде жеуден сақ болған жөн.

3) Күнде айран және біраз бал жеу керек.

4) Жалбыз (мята), жебіршөп (тимьян), зығыр дәндері, содана (чернушка) сияқты өсімдіктерді ас мәзіріне енгізген жөн.

Жетімдерге қамқорлық жасау

Сұрақ: Жетімге жақсылық жасаудың немесе оны ұрудың немесе ақысын жеудің діндегі орны қандай? Жетімдік қанша жасында бітеді?

Жауап: Өсіп, есейген бала жетімдіктен шыққан болып саналады. Жетімге жақсылық жасау өте үлкен сауап.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

Көңіл (жүрек) тазалығы

Сұрақ: Көңіл мен жүрек бір-бірінен өзгеше ме? Көңілді қалай тазалау керек?

Жауап: Жүрек – кеуденің сол тарапындағы жұдырықтай келетін ет бөлшегі. Жүрек жануарларда да болады. Ал көңіл адам жүрегінде болатын бір қуат. Көзбен көрінбейді. Лампадағы электр ағымы сияқты. Көңіл адамдарда болады, жануарларда болмайды.

Әр істе озат болу үшін

Пайғамбарымыз былай деген:

«Мына үш нәрсені орындағандар әр істе озат болады:

1) Жасамақшы болған істі Аллаһ разылығы үшін істесе,

(Адам, не Аллаһ разылығы үшін істейді, не нәпсінің қалаулары үшін, яғни адамдардың ризалығы үшін істейді. Адамдардың ризалығын Аллаһу та’аланың разылығына ауыстырып таңдағандардың шаруасын Хақ та’ала адамдарға қалдырады. Бірақ адамдардың ризалығын емес, Аллаһу та’аланың разылығын таңдағандарды өз қамқорлығына алады. Кім Аллаһ үшін болса, Аллаһ та ол үшін болады.)

Кинотеатрға бару

Сұрақ: Кинотеатрға бару күнә ма?

Жауап: Радио, кинотеатр, теледидар барлығы ақпарат тарататын құралдарға жатады. Кітап, газет, журналдар сияқты. Бұлар тапаншадай бір құрал, бір аспап. Тапаншаны жазықсыз, күнәсыз, зиянсыз адамға қарсы қолдану күнә болады. Ал соғыста, дұшпанға қарсы қолдану үлкен сауап. Көрініп тұрғанындай, тапанша ұстағанның бәрі күнәхар немесе әрдайым сауап істеген адам болып қалмайды.

Ғашықтар күні

Сұрақ: “Валентин күні” деп аталатын ғашықтар күнін тойлаудың және сыйлық берудің діни тұрғыдан зияны бар ма?

Жауап: Бұл күн “Әйелдер күні”, “Балалар күні” секілді әдетке қатысты күн. Алайда “ғашықтар” деген кезде дінге қайшы (некесіз) болған қатынастар негізге алынуда. Ал бұл болса мүлдем жаиз емес, харам нәрсені тойлауға болмайды. Халықтың әдеті (салты) болған нәрсені жасау жаиз, алайда дінге қайшы болған әдетті құттықтау жаиз емес. Яғни дінімізде некесіз қатынастарға тыйым салынған. Төмендегі христиандардың әңгімесі дұрыс болса, ғашықтар күнін тойлауымыз – шіркеу попының жастарды қосқандығын тойлауға және поптың өлімін еске алуға ұқсап кетеді. Тіпті мейрам ретінде жарияланғанына қарағанда христиандардың діни мейрамын тойлау одан бетер қауіпті.

Қына жағу

Сұрақ: Қынаның (хна) маңызы қандай?

Жауап: Қынаның маңызы хадис шәрифтерде былай білдірілген:

«Қына жағыңдар. Өйткені сұлулықтарыңды, жастықтарыңды және неке махаббатын арттырады.» (Әбу Нуайм, Бәззар)

«Ең алғаш қына жаққан адам Ибрахим пайғамбар. Қарамен ең алғаш боянған да Перғауын.» (Дәйләми)

Ең құнды нәрселер

Сұрақ: Ең құнды нәрселер нелер? Бұл жөнінде хадис бар ма?

Жауап: Иә, көптеген хадис шәрифтер бар.Алайда, хадис шәрифтермен амал ету біздерге жаиз емес. Қате түсінуге себеп болуы мүмкін. Қажетті діни білімдерді фиқһ кітаптарынан үйрену керек.

Бір амалдың құнды болуы жағдайға, заманға және адамның жағдайына да байланысты. Сондықтан «Ең құнды амал мынау» деп нақты бір амалды айтуға болмайды. Пайғамбарымыз алейһиссалам ең құнды амалдарды сұрағандардың жағдайларына және шарттарына қарап білдірген.

Асыра сілтеудің барлық түрі зиянды

(Ифрат және тәфрит)

Сұрақ: Орта жолда болу дегеніміз не?

Жауап: Ифрат пен тәфриттің екеуі де жаман. Хақ болғаны орта жол. Қазақ тілінде ифрат пен тәфриттің дәл мағынасын беретін сөз жоқ. Анықтамалармен, мысалдармен түсіндіруге болады. Тым асыра сілтеушілік деуге болады. Тәфрит – ифраттың терісі. Ифрат – шамадан көп, шектен асыру, ал тәфрит – шамадан аз, тым азайту деген сөз.

Үйде жануар асырау

Сұрақ: Ит пен мысық асырау күнә ма? Көршіміз мысық асырайды. Үйіне барған кезімізде біздің қыздарымыз және жұбайым қорқады. Мысық асханадағы азық-түлікке және суға тиюі мүмкін. Мысық жүрген жерде намаз оқуға болады ма? Қызым әпкесіне көмектесіп жатқанда мысықты көріп қалса, қорққанынан қолындағы табақты түсіріп алады. Көпқабатты үйлерде ит пен мысық асыраған дұрыс па?

Жауап: Қажеттілікке қарай ит асырау жаиз. Мысалы полицияда, аңшылықта, мал бағуда, қарауылдықта ит асырауға болады. Бірақ итті үйдің ішіне кіргізуге болмайды. Аулада итке арналған бір жерде немесе үйшігінде болу керек. Ит бар болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді.

Шайтан және оның зияндары

Сұрақ: Шайтанның түрлері бар ма, қандай зияндары бар?

Жауап: Аллаһу та’аладан ұзақтататын нәрселерге шайтан делінеді. Шайтанның үш түрі бар: Ібіліс, нәпіс және жаман дос.

1) Ібіліс және жәрдемшілері: Бұл шайтандар жын тайпасынан және Ібілістің ұрпағынан. Ібіліс үлкен ғалым еді. Адам алейһиссаламға қарай сәжде етуі әмір етілгенде тәкәппарланып сәжде етпеді. Одан бұрын періштелердің ұстазы болғанымен, кейіннен мәңгілікке лағнеттелді және шайтандардың басшысы болды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

Әр ауруда бір пайда бар

Сұрақ: Ислам ғалымдары «Әр ауруда бір шипа бар. Дене қаншалықты қиыншылық көрсе, рух соншалықты рахаттанады. Денеге мазасыздық беретін әр нәрсе адамның әлсіздігін түсінуіне, Хақ та’алаға қайтуына себеп болады. Осы себептен жүрек (көңіл) үшін шипа» деген. Бірақ мен ауырған кезде рухым өте қатты қиналады, зорлық-зомбылық шегіп жатқандай мазасызданамын. Түсінгенімше, ауруда шипаның болуы бәрі үшін бірдей емес. Солай емес пе?

Жауап: Сіз рух пен нәпісті шатастырғандықтан осылай айтып жатырсыз. Адамның бір жері ауырған кезде, жеңіл немесе ауыр ауруға шалдыққанда мазасызданатын, рахаты бұзылып, қалауларына жете алмағаны үшін қиналатын нәпіс. Біз мазасызданған кезде оның да мазасыздығы артады. Құлақ түстің әсемдігін сезіне алмағанындай, көз де дыбыстардан ләззат ала алмайды. Әр нәрсенің өз рахаты болады.

Дүниені жақсы көру – күнәлардың басы

Сұрақ: Бір хадис шәрифте «Дүниеде осы жақта қалатындай мөлшерде, ахиретке сол жақта қалатындай мөлшерде әрекет етіңдер!» делінген. Қаншалықты үлкен болса да, бір санның шексіздіктің жанындағы құны нөл деп қабылданғанына қарағанда, дүние үшін мүлдем әрекет етпеу қажет емес пе?

Жауап: Дініміз дүние үшін де, ахирет үшін де жұмыс істеуді әмір етуде. Құран кәрімде «Дүниеден де нәсібіңді ұмытпа!» делінген. (Қасас 77)