Ақыр заман

Сұрақ: «Хижри мыңыншы жылдан кейін ақыр заман болады» делінеді. Ақыр заман пайғамбарымыздың келуімен басталмады ма?

Жауап: Иә. Мұхаммед алейһиссаламнан кейін басқа пайғамбар келмейді, қияметке дейін Оның білдірген ислам діні ғана дұрыс дін болады.

Қияметтің үлкен белгілері

Сұрақ: Қияметтің үлкен белгілері қандай?

Жауап: Муслим, Ибн Мажә, Әбу Дауд, Нәсаи, Тирмизи, И. Ахмед, Табарани, Ибн Жәрир және Ибн Хиббанда өткен хадис шәрифтерде он белгілері шығатыны хабар берілген:

1-    Хазреті Мәхди келеді.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Қиямет-қайым болмастан бұрын Аллаһу та’ала менің ұлдарымнан есімі менің есімім, әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей болатын бір құлын жаратады. Одан бұрын дүниені зұлымдық қаптап, оның заманында дүние әділеттікке толады.» (Тирмизи)

Қияметтің кіші белгілері

Сұрақ: Қияметтің кіші белгілері қандай?

Жауап: Қияметтің қашан болатындығы білдірілген жоқ. «Оны тек Аллаһ біледі» деп бұйырылды. (Араф:187)

Қиямет жақындағанда алдымен кіші белгілер, одан соң үлкен белгілер шығады. Қияметтің кіші белгілеріне қатысты хадис шәрифтер мыналар:

«Тәрбиесіздік пен зинақорлық ашық түрде болмай, көршілер бір-бірін жамандамай, сатқындар сенімді деп, сенімділер сатқын деп саналмай, туыстар арасында салқындық болмай қиямет болмайды». (Имам Ахмет)