Миссионерлердің айлалары

Сұрақ: Кейбір мұсылман бауырларымыз ылғи да: «Мұсылман болу үшін иман кәлимасындағы ”Мухаммәдун Расулуллаһ” деген бөлігін айтудың қажеті жоқ. “Лә илаһә иллаллаһ” деп айтқан адамның бәрі жұмаққа барады. Аллаһтың рахметі (мейірімі) шексіз, барлық нәрсені қаптаған, сондықтан әһли кітап болған яһудилермен христиандар да...

Яһудилік

Қасиетті кітаптар, тарихи деректер мен қазірге дейін жеткен еңбектер зерттелетін болса, бір Аллаһқа иман келтіруді бұйыратын дін болған исламның Адам пайғамбардың кезінен бері бар екендігі аңғарылады. Адам (алейһиссалам)пайғамбардан Ибрахим алейһиссаламға дейінгі уақыт ішінде көптеген пайғамбар келген. Аллаһу та’ала  оларға сухуфтар (кітапшалар) жіберген. Атақты жүз сухуфтың оны Ибрахим алейһиссаламға жіберілген. Тарихшылардың айтуынша, Ибрахим пайғамбар б.д.д. 2122 жыл бұрын Фырат (Евфрат) пен Дижле (Тигр) өзендері арасындағы бір елді мекенде туылып, 175 жыл өмір сүріп, Құдыс маңындағы Халилуррахман деген жерде дүние салған. Ибрахим алейһиссаламның өгей әкесі - Азар. Өз әкесі Тарух Ибрахим кішкентай кезде қайтыс болып кеткен. Азар пұт жасайтын шебер болған.

Яһуди дінінің негіздері

Иман: Бір ғана Аллаһ бар. Ол өздігінен бар. Туылмаған, тумайды. Барлық нәрсені көреді және біледі. Кешіру немесе жазалау тек соның құдіретінде.

Ахлақ: Негізі он қасиетті бұйрықтан (ауамири-и ашара) тұрады. Адам осы он бұйрыққа бағынуы керек. Адамның рухы мен тәні бөлек-бөлек, рух қияметке дейін өлмейді. Ақырет өміріне сенуге тиіс.

Дін негіздері: Яһуди емес ұлттар пұтқа табынушылар деп саналады. Олардан мүмкіндігінше аулақ болу керек. Олармен  байланысты үзу керек. Қанды немесе қансыз құрбан шалынуға тиіс. (Яһудилер барлық жануарды, тіпті көгершінді, көбінесе қой, ешкі, сиырды құрбандыққа шалатын.

Христиан діні

 Иса (алейһиссалам) - хазіреті Мəриям деген қыздан туылған біз сияқты адам. Құран Кəрімде бұл мəселе айқын көрсетілген жəне қасиетті рух туралы айтылған. Бірақ, мұның мағынасы христиандардың ойлағанындай “Иса Аллаһтың ұлы” деген сөз емес. “Қасиетті рух” (рух-ул-қудс) ұғымы - Аллаһу Та’аланың Иса алейһиссаламға жоғары құтқарушы құдіретінен бергенінің белгісі. Иса алейһиссалам яһудилерге қате жолда екендіктерін, тура жолдың өзі көрсеткен жол екендігін білдірді. Алайда, яһудилер күткен құтқарушыларының өте қатты, айбатты, ұстағанын қирататын алып, яһудилерді басқа ұлттардың құлдығынан құтқаратын адам болуын күткен-ді. Иса алейһиссаламға сенбеді. Оны жалған пайғамбар деп санап, римдіктерге хабарлап, оған қарсы шықты. Өз сенімдері бойынша оны креске керді. Ислам діні креске керілген адамның Иса алейһиссалам емес екендігін, оны аз ақшаға римдіктерге сатқан Асхарют Яһуда (Judas) екендігін айтады. Қазіргі кезеңдегі христиан тарихшылары жасаған зерттеулер Иса алейһиссаламның кресте өлмегендігін көрсетуде. Джон Ребан деген адам осы туралы 1978 жылы өте көп сатылған бір кітап жариялаған еді. Бұл зерттеулер христиандардың “Иса кресте жан тапсырды. Əке Тəңірі жалғыз ұлын күнəһарлар үшін пидаетті” деген аңызының тамырына балта шабуда. Осылайша, христиан тарихшылары ширкеулерге үлкен соққы беруде.

Хазреті Иса аспаннан түспейді ме?

Сұрақ: Хазреті Иса өлтірілді ме, әлде аспанға көтерілді ме?

Жауап: Иса алейһиссалам өлтірілмеді, аспанға көтерілді. Аллаһу та'ала Нұх алейһиссаламды топаннан, Ибраһим алейһиссаламды оттан құтқарғанындай, Иса алейһиссаламды да яһудилердің қолынан құтқарды. Хазреті Исаға опасыздық жасап, орналасқан жерін хабарлаған мұнафиқ яһудиді хазреті Исаға ұқсатып, оны өлтірген. Құран кәрімде былай делінген:

«Яһудилер Исаны өлтіру үшін тұзақ құрды, ал Аллаһ олардың тұзақтарын бұзды. Аллаһ тұзақ құрғандардың, айлақорлыққа қарсы жаза беретіндердің ең күштісі, ең жақсысы.» (Али Имран 54)

«Аллаһ былай деген: Ей Иса, сені дәргейіме көтеремін.» (Али Имран 55)