Флирт

Сұрақ: Үйленетін ниеті бар қызбен жігіттің жақсы ниетпен "флиртовать етуі", бір-бірін жақсы тану үшін жүруі, кездесіп, сөйлесіп тұруы, некесіз бірге өмір сүруі неліктен дұрыс емес?

Жауап: Үйленетін жастардың флирт деп аталатын жүріске қажеттілігі жоқ. Керісінше бұлай жүрудің көптеген зияндары, қауіптері бар:

Мұндай жүрулерде тұзақ бар. Мұндай жүрушіліктердің көпшілігінде жігіт қызды алдап, мақсатына жеткеннен кейін тастап кетеді.

Аллаһ жәннатта көрінеді

Сұрақ: Жәннат ниғметтері тек денеге ғана болады ма? Мүминдер ахиретте және жәннатта Аллаһу та’аланы көреді ме?

Жауап: Жәннат ниғметтерін, ләззаттарын тек дененің ләззаты екен деп санау дұрыс емес, қате. Өмірде дәрежесі көтеріле бастаған рух, денеден айрылғаннан кейін де, қияметке дейін әр сәтте дәрежесінің көтерілуі жалғасады. Жәннатта дене мәңгілікке қалуға бейім болған түрде, өмірдегіден мүлдем басқа ерекшелікте жаратылады. Дәрежесі көтерілген рух осы денеменен бірігіп, қиямет өмірі басталады. Жәннатта дененің және рухтың басқа-басқа ниғметтері, ләззаттары болады. Үстем болғандар жәннатта да рухтың ләззаттарына мән береді. Рухтың ләззаты дененің ләззаттарынан тым өзгеше және әлдеқайда көбірек болады. Рухтың ләззаттарының ең тәттісі, ең үстемі де Аллаһу та’аланы жамал сипатымен көру болады.

Қабір өмірі

Күнә істерді жасаған мұсылман “фасық” деп аталады. Ислам дініне сенбеген және діннің әміріне мән бермеген адам“кәпір” деп аталады. Фасықтар мен барлық кәпірлер қабірде азапқа тартылады. Бұған сену керек. Өлген адам қабірге қойылғаннан кейін біз білмейтін бір күйде тіріліп, қылмысына жараса не рахат көреді. Не болмаса азап шегеді. Мункир және Накир деген екі періштенің қорқынышты адам кейпінде мазарға келіп сұрақ сұрайтындығы туралы хадистерде айқын көрсетілген. Қабір өміріне сену керек.

 

Жәннатқа тек мейірімділер ғана кіреді

Мейірімділік – жан ашырлық дегенді білдіреді және бұл ризықтың бір түрі. Ризықтар материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Материалды ризықтарға қауыштыратын себептер болатынындай, рухани ризықтарға да қауыштыратын себептер болады. 

 Рухани ризықтардың негізі – иман. Дененің аштығын басу үшін азығын қамтамасыз етіп жүрген адам, рухының аштығын басу үшін де себептерге жабысады және бұл жолда тырмысатын болса, иманға байланысты болған бұл рухани ризыққа да қол жеткізеді. Аллаһу та’аланың әмірлеріне мойынсұнылмаса, тыйым салғандарынан тыйылмаса, материалдық және рухани ризықтар азаяды. Өйткені Таха сүресінің жиырма төртінші аятында «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын» деп бұйырылған.

Хазреті Иса аспаннан түседі

Сұрақ: Бір жазушы «Иса өлген, қайтадан келмейді» дейді. Осы жөнінде мәлімет бересіз бе?

Жауап: Тәфсирлерге өтуден бұрын Ниса сүресіндегі екі аяттың мағынасына қарайық:

«Аллаһтың расулы Мәриәм ұлы Исаны өлтірдік дегені үшін яһудилерді лағнеттедік. Алайда олар Исаны өлтірмеді, аспады да, өлтірілген адам оларға Иса сияқты болып көрсетілді. Ол жайында келіспеушілікке түсетіндер сенімсіздіктің ішінде, бұл жөнінде болжамнан басқа ешқандай мәліметтері де жоқ және нақты оны өлтірмеді. Керісінше Аллаһ Исаны өзінің дәргейіне көтерді, яғни өз қорғауына алды.» (Ниса 157-158)

Тағдыр өзгереді ме?

Сұрақ: Дұға арқылы тағдыр өзгеруі мүмкін бе? «Аллаһ жазған болса, өзгертсін» тіркесінің мағынасы қандай? Дұға етуді қалау да тағдырдан ба? Тағдырдағы өмір қай жерге дейін? Ежелгі ме, әлде мәңгі ме? Тағдырдың да бір тағдыры бар ма?

Жауап: Әуелі қаза мен тағдырды және түрлерін білу керек.

Тағдыр – Аллаһу та'аланың болатын нәрселерді ежелден білуі деген сөз. Қаза – тағдырда болған нәрселерді уақыты келгенде жаратуы деген сөз. Яғни тағдыр – айлықтың тізімдемесі сияқты. Ал қаза – осы айлықтың таратылуы. Аллаһу та'ала әркімнің не істейтіндігін, қайда және қалай өлетінін біледі. Бұған тағдыр, жазым, жазмыш, нәсіп, пешене делінеді.

Жәннатта үйлену болады

Сұрақ: Жәннатта үйлену болады ма?

Жауап: Иә, болады, бірақ қалай болатындығы белгісіз. Өйткені ол жақта нәпіс жоқ. Ислам ғалымдары былай деген:

Дүниедегі нәрселердің бәрі – көрініс. Әр көріністің негізі болады. Негіз болмаса, көрініс пайда болмайды. Дүниедегі нәрселердің бәрінің негіздері, шынайылары жәннатта бар.