Харам істеу оразаны бұзады ма?

Сұрақ: Ораза ұстап жүргенде күнә істеу, ғайбат айту оразаны бұзады ма?

Жауап: Оразаны бұзбайды, бірақ әсіресе ораза ұстап жүргенде күнәдан көбірек сақтану керек. Хадис шәрифте: «Ғайбат айту, сөз тасу, өтірік жерде ант ету, бөтендерге шаһуетпен...

Амал - иманның бөлігі емес

Сұрақ: Амал иманның бір бөлшегі ме? Яғни бір парызды орындамаған немесе бір харамды жасаған адам кәпір бола ма?

Жауап: Жоқ, кәпір болмайды. Амал иманның бөлігі болғанда күнә істеген адамдардың барлығы кәпір болар еді. Дүниеде мүлдем мұсылман қалмас еді.

Сүйіншілерге қауышу үшін

Сұрақ: Кейбір хадис шәрифтерде белгілі бір күнәні істеп қойған адамның тура жаһаннамға, белгілі бір жақсы амалды істегеннің бүкіл күнәлары кешіріліп жәннатқа кіретіні білдірілген. Бұлардың ешқандай шарттары жоқ па?

Жауап: Хадис шәрифтерде: «Сөз тасушы жәннатқа кіре алмайды», «Ғайбат айтқан адам жаһаннамдық», «Көңілінде шаңның тозаңындай кібір болған адам жәннатқа кіре алмайды» делінген. Бұлардың мағынасы: «Сол күнәға тәубе етпеген болса, кешірім мен шапағат берілмесе, күнәсының жазасын тарпағанша жәннатқа кіре алмайды» деген сөз.

Ойға келген нәрселер күнә бола ма?

Сұрақ: Харам, жаман нәрселерді ойлау күнә бола ма?

Жауап: Ойлар бес түрлі болады:

1-     Көңілге келіп кетеді.

2-     Көңілге келіп, кетпей қалады, бірақ адам оны жасауды қаламайды.

3-     Көңілге келгенде адам оны істесем ба істемесем ба деп екі ойлы болады.

4-     Көңілге келгенде адам оны істеуге шешім қабылдайды.

5-     Көңілге келгенде адам оны істеу үшін өзін мәжбүрлейді. (Хадиқа)

Тәубе етудің маңызы

Сұрақ: Күнә істеп қойған кезде не істеу керек?

Жауап: Күнә істеген кезде дереу көңілмен тәубе ету (өкіну) және тілменен истиғфар (әстағфируллаһ) айту керек! Көңілге келген әрбір қиыншылық және дақ (көңілдің қараюы) тәубе-истиғфар, өкіну арқылы және Аллаһу та’алаға сиынып оңай кетірілуі мүмкін. Бірақ дүниелік үшін уайымдаудан келген дақ, қараю көңілді толығымен қарайтады. Мұны тазалау өте қиын болады. «Дүниеге берілу күнәлардың басы» деген хадис шәриф осыны білдіруде. (Бәйһақи)

Тәубә етілмейтін күнә

Әһли хикмет ғұламалар былай дейді:

Әсіресе бидғат жолды ұстанатындар дінді өз ақылдарымен өзгертіп, діннің осы бұзылған халін де Ислам деп атайды. Осылайша діннің негізі жоғалуда. Құл, өзін жаратқанның жіберген дініне ешнәрсе қоса алмайды. Өзі дінге бағынады, дінді өзіне бағындырмайды. Дінді өзіне бағындыруға тырысатын болса, ол нәрсе дін болудан шығады.

Иман базарда сатылмайды

Иман – Пайғамбарымыздың Аллаһу та’ала тарапынан пайғамбар ретінде бүкіл адамдарға әкелген және білдірген әмірлерінің барлығына сену және иман келтіру дегенді білдіреді.

Аллаһу та’ала бүкіл адамдарға иман келтірулерін әмір етті. Адамдар арасынан қалағандарына мейірім етіп бұлардың ақылдарына мойынсұнып иман етулерін нәсіп етті. Бұл құлдарының көңілдерін иманмен толтырды. Юнус сүресінің жиырма бесінші аятында «Аллаһу та’ала құлдарын саламаттық, бақыттылық мекені болған жаннатқа шақыруда. Қалаған адамын бұл жолға қауыштырады.» деп бұйырылды.

Барлық күнәлардың кешірілуі

Сұрақ: Кейбір хадис шәрифтерде "пәлен нәрсені істеген адамның бүкіл күнәлары кешіріледі" делінген. Оларға үлкен күнәлар да жатады ма? Мысалы: құмар, ішімдік, пайыз, зина, адам өлтіру, қарақшылық, намаз оқымау, ораза тұтпау сияқты үлкен күнәлар да кешіріле ме?

Жауап: Фиқһ ілімі хадис шәрифтерден үйренілмейді. Хадис шәрифтердің түсініктемесі болған, нақылды негізге алған илмихал, фиқһ кітаптарынан үйреніледі. Мысалы: хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дәрет алған адамның барлық күнәлары кешіріледі.» (Мүслим)

Қабір өмірі

Күнә істерді жасаған мұсылман “фасық” деп аталады. Ислам дініне сенбеген және діннің әміріне мән бермеген адам“кәпір” деп аталады. Фасықтар мен барлық кәпірлер қабірде азапқа тартылады. Бұған сену керек. Өлген адам қабірге қойылғаннан кейін біз білмейтін бір күйде тіріліп, қылмысына жараса не рахат көреді. Не болмаса азап шегеді. Мункир және Накир деген екі періштенің қорқынышты адам кейпінде мазарға келіп сұрақ сұрайтындығы туралы хадистерде айқын көрсетілген. Қабір өміріне сену керек.