Бір адам Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттеріне «рахметуллаһи алейһ» келіп: «Ей Имам мен намаздарымды таза көңілмен оқи алмай жүрмін. Намаз оқып жатып түйелеріме қарап, бағып, ойым сол жақа ауып кетеді. Сіз болса менен де байсыз, сіз қалай ғибадатыңыздың ләззатына қауышып, намазыңызға толығымен көңіл байлап жүрсіз?» деп сұрайды. Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттері «рахметуллаһи алейһ» «Мен түйелерімді көңіліме байламаймын, астауға байлаймын...» деп жауап берген екен.

Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттерінің айтқандары:

Дін ілімдерінің сауда-саттық бөлімін білмейтін адам харам нәрсе жеуден құтыла алмайды және ғибадаттарының сауабын таба алмайды. Еңбектері зая кетіп, азапқа душар болып, қатты өкінеді.

Барлық кезде Аллаһу та’аладан қорқ, жамандықтардан аулақ бол! Аманатқа қиянат жасама! Үлкен-кіші, бай-кедей барлығына жақсылық жасап насихат айт. Ешкімді өзіңнен төмен санама. Кішіпейілді бол барлық адамдарды қадірле. Саған қонаққа келгендерді жақсы қарсы ал. Сұрап келген мәселелеріне жауап бер. Егер ол сұраған мәселесін үйрену үшін сұраған болса, ілімі артады, жай сұраған болса, саған құрметі, сүйіспеншілігі артады.

Ұстаздарыңа құрмет ет, оларға тіл тигізбе. Адамдардан тартын. Аллаһ үшін жасырын халіңде қалай болсаң, адамдар арасында да солай бол.

Көп күлме. Өйткені көп күлу қалбты (көңілді) өлтіреді. Қарапайым күйде жүр. Асығып үсігіп, теңселіп жүрме, істеріңде асықпа. Сөйлегенде дауысыңды көтерме, айғайлама. Әрқашан өзің үшін салмақтылықты және үнсіздікті таңда. 

Нәпсіңді үнемі бақылап, уысыңда ұста. Өлімді есіңнен шығарма. Ұстаздарыңа саған ілім үйреткен адамдарға дұға ет, Аллаһу та’аладан оларды кешіруін тіле. Құран кәрім оқып жүр. Қабірлерді, әулиелерді және қасиетті жерлерді көптеп зиярат ет.