Үшiншi шарт

Кiтаптарына сену

Уә Кутубиһи: Аллаһу та’аланың түсiрген кiтаптарына сендiм деу. Аллаһу та’ала бұл кiтаптарды кейбiр Пайғамбарға Жәбрәйіл атты перiште арқылы уахи етiп, яғни оқытып жiберiп отырған. Ал кейбiреулерiне “Лауха” үстіне жазулы күйiнде, кейбiреулерiне перiштесiз естiртiп түсiрдi. Барлығы Аллаһу та’аланың сөзi. Әзәли және әбәди болған бұл сөздер махлұқ емес, яғни жаратылмаған, ойдан шығарылмаған. Осы самауи кiтаптардан бiзге бiлдiрiлгенi жүз төрт дана. Олардан 10 суһуф Адам алейһиссаламға, 50 суһуф Шит алейһиссаламға, 30 суһуф Идрис алейһиссаламға, 10 суһуфИбраһим алейһиссаламға, Таурат Мұса алейһиссаламға Зәбур Дәуiд алейһиссаламға, Iнжiл Иса алейһиссаламға, Құран Кәрiм Мұхаммед алейһиссаламға түскен.

Аллаһу та’ала, адамдардың бұл дүниеде де ахыретте де шексiз бақытқа жетуi үшiн алғашқы пайғамбар болған Адам алейһиссаламнан, соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламға дейiн көптеген пайғамбарлар арқылы кiтаптар түсiрген. Бұл кiтаптарда иман мен ғибадат негiздерi түсiндiрiлiп, адамдар мұқтаж болған әрбiр тақырыпта мәлімет берілген.

Бұлардың iшiнде Құран Кәрiм соңғы илаһи кiтап. Құран Кәрiм түскеннен кейiн басқа барлық илаһи (тәңiрлiк) кiтаптардың үкiмдерi жойылды. Жәбрейіл алейһиссалам Құран Кәрiмді Мұхаммед алейһиссаламға жиырма үш жыл бойы алып келді. Құран Кәрiм 114 сүре, 6236 аяттан тұрады. Бұл сандар кейбiр кiтаптарда басқаша жазылады. Оның себебi ұзақ аяттарды бiрнеше аят деп санағандықтан. Өйткенi Құран Кәрiм түскеннен берi ешбiр өзгерiске ұшырамаған, бұдан кейiн де өзгерiске ұшырамайды. Құран Кәрiм Аллаһу та’аланың сөзi. Мұндай кiтаптың адамдар тарапынан жазылуы мүмкiн емес.                    

  Пайғамбарымыз көз жұмғаннан кейiн халифа хазреті Әбу Бәкiр Сыддық (радыяллаһу анһ) Құран Кәрiмнiң аяттарын жинақтады. Осылайша Мусхаф (Құранның кітап халі) пайда болды. Сахабалардың барлығы, бұл мусхафтың Аллаһ сөзi екендiгiн бiр ауыздан бiлдiрді. Үшiншi халифа хазреті Осман (радыяллаһу анһ) бұл мусхафтан тағы да алты дана жаздырып көбейттi. Сөйтiп әртүрлi аймақтарға жiберiлдi. Құран Кәрiмдi өзінен оқу керек. Басқа әрiптермен жазылғандар Құран Кәрiм делінбейді.

а) Құранды ұстайтын кезде дәреттi болу керек. Қыблаға қарап отырып мұқият оқу қажет.

б) Ықласпен оқу керек.

в) Әрбiр аятын асықпай, құрметпен, кітапқа қарап оқу керек.

г) Тәжуид қағидаларына сай оқу керек.

д) Оқығанының Аллаһ сөзi екендігін ойлау керек.

ж) Құранның әмiр және тыйым салғандарына бағыну керек.