Сұрақ: Әйелдердің әр түрлі салаларда жұмыс істеуінің зияны бар ма?

Жауап: Дінімізде әйел заты күнкөріс қиыншылығынан, уайымынан босатылған. Әйел жұмыс істеп, зорығып ақша табуға, бұл үшін бес уақыт намазын қалдыруға, басын, қолдарын ашып немесе еркектердің арасына араласып күнә істеуге мәжбүр емес. Барлық нәрсені оның аяғына алып келу мәжбүрлігі бар. Дініміз оны осылай қадірлеген.

Мұсылман әйел сауда, ғылым, өнеркәсіп және құрылыспен айналысуға мәжбүр болмаса да, мұнымен шұғылдануы, ақша табуы күнә емес, өз қалауымен жұмыс істеуіне болады. Алайда, бұлармен айналысқанда харамдардан сақтануы шарт болады. Харам істеу арқылы ғибадат та орындалмайды. Мысалы, парыз болған қажылыққа әйел махремсіз (жақын еркек туысынсыз) бара алмайды.

Қажеттілік жағдайда жұмыс істеу

Сұрақ: Әйел кісі қандай шарттарда жұмыс істей алады?

Жауап: Әйелдің, қыздың анасы, әкесі және махрем туысы жоқ болса немесе бар болып, бірақ кедей болса және мемлекет те жәрдем бермесе, ешкім жәрдем бермесе, бұл әйел өзінің, бала-шағасының және ауру, кәрілік себебімен жұмыс істей алмайтын кедей ата-анасының напақаларын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге мәжбүр болады. Еркектермен аралас болмаған әйелдер істейтін жұмыстарда істейді. Еркек араласпаған жұмыс жоқ болса, денсаулығын, дінін, намысын, мұсылмандық абыройын және құрметін қорғайтындай шамада парыз болған напақаны табу үшін, бөтен еркектер бар жерде оранып жұмыс істеуі жаиз болады. Бұл напақаны табуына бөгет болу оны қорқыту (икрах) болады. Осындай қажеттіліктен тыс уақыттарда ол жерде қалуы жаиз болмайды. Жұмыс істеп жүргенде басын, қолын ашуы үшін мәжбүрленсе, «ашылмайтын болсаң, жұмыстан шық» делінсе, оранған күйде жұмыс істейтін басқа жер таба алмаса, қолдары ашық күйде жұмыс істеуі Имам Әбу Юсуфтың қаулысы бойынша жаиз болады. Әйелдің құлақтарынан төмен жайылған шаштарын жабуы парыз емес деген ғалымдар да бар. Хараж (мәжбүрлік) болған кезде осы заиф қаулымен амал ету жаиз болады. Басындағы шаштарды жабудың парыз екендігі ауыз бірлігімен білдірілсе де, құлақтардан төмен жайылған шаштардың ашылуы бастықтар қинаған кезде сол себепті жаиз болады. Осылай мәжбүрленген әйел әрдайым еркектермен аралас болмаған немесе оранып істей алатын жұмыс іздеп жүруі керек. Тапқан кезде тапқан жерінде жұмыс істеуі керек болады. Шаштарын, қолдарын көшеде, жұмысқа барып келгенде жауып, оранып жүруі керек. Мұсылман еркекке үйленгеннен кейін оның напақасын күйеуі қамтамасыз етуге мәжбүр. Әйел кісінің бай болмағандықтан, ата-анасына және бала-шағасына напақа беріп тұруы қажет болмаса да, күйеуінің рұқсатымен жұмыс істеп, оларға қарауы керек. (С.Әбәдийа)

Напақа ақшасын табу

Сұрақ: Күйеуім қажетсіз ақша жұмсайды. Мысалы, қайда болса да күнде қажетсіз сыртта тамақтанады, қажетсіз ұялы телефонын ауыстырады, телефонмен ұзақ сөйлеседі, сәнді жүру үшін қымбат киімдер алады. Сондай-ақ, бұлар үшін қарызға кіреді, тапқан ақшасы қарыздарына кетеді. Напақамызды қамтамасыз ету үшін біреудің үйінің тазалығын жасау секілді жұмыстарға барып тұрамын. Кейде харам істеуге де тура келеді. Осы себептер үшін харам істеуім үзір (кешірімді) болады ма?

Жауап: Үзір болмайды. Сырттан тамақтану, ұялы телефонды ауыстыру, қымбат киімдер сатып алу күнә болмаса да, еркектің алдымен үйдің напақасын қамтамасыз етуі керек. Напақасын табатындай және қарыздарын өтейтіндей шамада жұмыс істеп ақша табуы парыз болып табылады. Мұны істемей, жанұясын қиын жағдайда қалдырған адам күнәхар болады. Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Ешкімге мұқтаж болмау және ата-анасын, бала-шағасын мұқтаж қылмау үшін жұмысқа кеткен адамның әр қадамы ғибадат болады.»(Табарани)

«Жұмыс істемей өзін садақа сұрайтындай жағдайға түсірген адам 70 нәрсеге мұқтаж болады.» (Тирмизи)

Ер кәсібі

Сұрақ: Ислам Ахлақы кітабында, зәрулік болмастан еркектер секілді киінетін, шашын олар секілді қысқартатын және еркектерге тән жұмыстарды істейтін әйелдер мен әйел секілді шаштарын өсіретін, сәнденетін еркектерге бұлардың жаиз еместігі жазылған. Еркектерге тән болған жұмыстар қандай?

Жауап: Бұл жұмыстар заманға қарай өзгеріп тұратын болса да, жалпылама алғанда, палуандық, жүк тасушы, полиция, көлік жүргізуші, касса, құрылыс, қасапшылық секілді жұмыстар осы категорияға жатады.