Сұрақ: Құран кәрімде: «Сені әлемдерге рақымдылық ретінде жібердім», «Сен үшін таусылмайтын сыйлықтар бар. Әлбетте сен ең көркем ахлақ иесісің», «Раббың саған көп ниғмет береді, ал сен Оған разы боласың» деген аяти кәрималар және бұдан өзге де көптеген аяти кәрималарда сүйікті пайғамбарымыз мадақталған. Сонымен қатар пайғамбарымыз жайлы айтылған «Сен болмағанда әлемдерді жаратпас едім» деген хадис құдсиді Ибн Сәбәның ізбасарлары - шииттер, сәләфиттер және кейбір мазһабсыздар: «Бұл өтірік, ойдан шығарылған сөз. Бұл ешбір дін кітаптарында айтылмаған»- деп расулуллаһты төмендетуге тырысуда. Бұл хадис құдси қай кітаптарда өткен?

Жауап: Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) үстемдігін түсіне алмағандар немесе оған дұшпан болғандар және хадис шәрифтерге «ойдан шығарылған» деп айтатын бидғатшылар пайғамбарымыздың мадақталуын көре алмағандықтан, құнды кітаптардағы хадистерге осылай дақ жұқтырмақ болуда. Бұл хадис құдси көптеген құнды кітаптарда білдірілген:

Адам алейһиссалам Аршта көрген нұрдың мәнін сұрады. Аллаһу та’ала «Бұл нұр көкте Ахмед, ал жерде Мұхаммед деп аталатын, сенің тегіңнен шығатын пайғамбардың нұры. Ол болмағанда сені де, жер мен көкті де жаратпас едім» деді. (Мәуахиби Ләдунийә)

Аллаһу та’ала тағы бір хадис құдсиде былай дейді:

«Ей Адам. Мұхаммед алейһиссаламның атымен не сұрасаң да қабыл етер едім. Ол болмағанда сені жаратпас едім.» (Хаким)

«Ей Расулым, Ибраһимді халил (дос), ал сені өзіме хабиб (сүйікті)еттім. Сенен асқан сүйікті ешнәрсе жаратпадым. Менің құзырымдағы сенің биік дәрежеңнің білінуі үшін дүниені және дүние халқын жараттым. Сен болмағанда әлемді жаратпас едім» (Мәуахиби Ләдунийә)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Адам алейһиссалам жаннаттан шығарылғанында: "Йа Раббым! Мұхаммед алейһиссаламның құрметі үшін мені кешір!» деп дұға етті. Аллаһу та’ала [не деп жауап беретінін білсе де, жауабын басқа адамдардың естуі үшін]: «Оны әлі жаратпадым. Қайдан білдің?" деді. Адам алейһиссалам: «Аршта "Лә илаһә иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ" деп жазылғанын көрдім. Қасиетті есіміңнің жанына тек ең қатты жақсы көретін құлыңның есімін лайық көрерсің деп түсіндім» деді. Аллаһу та’ала былай деді: "Йа Адам, дұрыс айттың. Ол мен үшін адамдардың ең сүйіктісі. Оның құрметіне дұға еткенің үшін сені кешірдім. Егер Ол болмағанда сені жаратпас едім".»(Табарани)

«Аллаһу та’ала Ибраһимді халил (дос) қылғанындай, мені де халил қылды» (Мәуахиби Ләдунийә) (Демек расулуллаһ әрі хабиб, әрі халил болған пайғамбар)

Миғражда Аллаһу та’ала расулуллаһқа «Сенен басқа барлық нәрсені сен үшін жараттым» дегенінде, расулуллаһ алейһиссалам «Мен де сенен басқа барлық нәрсені, сен үшін тәрк еттім» деді. (Мирати Каинат)

«Ләулакә ләуләк ләма халақтул әфлақ = Сен болмағанда әлемді жаратпас едім» хадис құдсиі, Марифатнама кітабының алғы сөзінде, Юсуф Набхани хазреттерінің "Әнуар Мухаммедийә" кітабының 13-ші бетінде және Имам Раббани хазреттерінің мәктубатының 122-ші мәктубында бар. Мәктубаттың парсыша хашиасында бұл хадистің Дәйләмидің "Фирдаусында" бар екендігі білдірілген. Дәйләми де басқа мухадистер секілді сенімді хадис ғалымы. Алусидің де «Ғалийә» кітабында өткен. Имам Раббанидің мәктубатының 3-ші томында «Сен болмағанда жаннатты жаратпас едім» және «Ол болмағанда әлемді жаратпас едім, рубубиетімді шығармас едім» хадис құдсиі де хабар берілген. Екінші мың жылдықтың мүжәддиді Имам Раббани, Имам Табарани, Имам Хаким, Имам Дәйләми, "Марифатнама" кітабының авторы Ибраһим Хаккы, Мәуахиби Ләдунийә кітабының авторы Имам Касталани, Юсуф Набхани хазреттері сияқты ұлы ғұламалардың өтірік айтуы мүмкін екенін немесе сахих хадиспен ойдан шығарылған хадисті ажырата алмайды деп ойлау қаншалықты үлкен опасыздық.

Мұншалықты әһли сүннет ғалымдарының білдірген сахих хадис құдсиді жоққа шығарып, бұл ғалымдарға сенбеген адамның, расулуллаһтың мақталуын көре алмайтын мазһабсыз екендігі айдан анық.