Сұрақ: Әйелдердің намазының ерлердің намазынан айырмашылықтары, яғни өзгеше тұстары, әрекеттері қандай?

Жауап: Олар мыналар:

1) Әйелдер намазды қолдарын еркектер сияқты құлаққа апармай, кеуде тұсына әкеліп, саусақтарының ұшын иық деңгейіне дейiн көтерiп бастайды. Оң қолының саусақтарымен сол қолының білегін байлап ұстамайды. Оң қолын сол қолының үстіне, көкірегінің үстіне қояды.

2) Рүкуге иілгенде аяқтарын біріктірмейді. Рукуде еркектердей түзу иілмейді, арқасын, басын, аяқтарын түзу ұстамайды, яғни белі мен басын бір деңгейде ұстамайды. Аз иіледі. Қолдарын тізелерінің үстіне қойып, тізелерін бүгеді, бірақ тізелерін қапсыра ұстамайды. Саусақтарының арасын ашпайды, бір-біріне жабыстырып ұстайды.

3) Сәждеде қолдарын денесіне жақын ұстап шынтағын жерге төсейді. Қарнын сандарына жабыстырып ұстайды.

4) Тәшәһудте аяқтарын оң жаққа қарай шығарып, сол жағымен жерге отырады. Яғни аяқтар оң жаққа шығарылып сол санының үстіне отырады. Қол саусақтарының ұшы тізеге дейін қойылып, саусақтардың арасын бір-біріне жабыстырып ұстайды.

5) Дұға еткенде қолдарын алға қарай созбай, жүзіне қарсы шынтағын бүгіңкі ұстайды.

6) Таң намазын кешіктіріп оқуы мүстаһаб емес. Уақыт кірісімен оқулары жақсы болады.

7) Намазды дауыс шығарып оқымайды. Құрбан айттарында парыз намаздарынан кейін тәшриқ тәкбірін дауыссыз оқиды. (Рәддул-мухтар, Тахтауи)

Сұрақ: “Халәби” және  “Рәддул-мухтар” кітаптарында рүкуға иілгенде аяқ тобықтарын біріктірудің сүннет екендігі жазылған. Әйелдер де аяқтарын біріктіре ме?

Жауап: Жоқ, әйелдер аяқ тобықтарын бір-біріне тигізіп ұстамайды. Бұл еркектерге тән сүннет.

Сұрақ: Жұма күні ерлердің жұма намазынан шығуларын күтпестен әйелдер үйде бесін намазын оқи алады ма?

Жауап: Әрине, оқи алады.

Сұрақ: Бір рүкн мөлшеріндей шашымыз ашылса, намаз бұзылады ма? Рүкн мөлшері деген не?

Жауап: Намаздың бұзылуында және сәһу сәжделерінде рүкн мөлшері өте маңызды. Мұны жақсылап түсініп алу керек. Намаздың ішіндегі парыздарға – рүкн деп айтылады. Барлығы бесеу: қиям, қыраат, рүку, сәжде және қадаи-ахир (соңғы отырыс). Әйелдерде шаш әурет болып саналады. Осы рүкндердің ішінде шашы ашылған әйел бір аятты оқитындай уақыт шашын жаба алмаса, намазы бұзылады. Шашы ашылған кезде бір қолымен дереу жабатын болса, намазы бұзылмайды. Екі қолымен жабатын болса, намазының бұзылатындығын білдірген кітаптар да бар. Сондықтан бір қолымен жабуға тырысу керек.

Немесе үш рет “сүбханаллаһ” дейтіндей уақыт әурет жері ашық қалса, намазы бұзылады. Қалыпты түрде үш рет “субханаллаһ” деп айту“бір рүкн” дік өлшем болып табылады.

Қанша рәкат оқығанынан шатасып, намаз ішінде ойланған адам кейінгі рүкннің немесе уәжібтің үш рет “сүбханаллаһ” дейтіндей уақыт кешігуіне себеп болса, сол арада аят және тәсбих оқыса да сәһу сәждесін жасауы керек.

Сұрақ: Әйел адам сәжде еткенде орамалы маңдайына түсіп жауып тұрса, мәкрух бола ма?

Жауап: Иә. Сәждеге маңдай ашық күйде тиюі керек.

Сұрақ: Дені сау әйелдер кейде егістікте, кейде мешітте бөтен еркектердің көретін жерлерінде намазын отырып оқиды. Қиям яғни тік тұру парыз емес пе? Бөтен еркек көреді екен деп намазды отырып оқу жаиз ба?

Жауап: Жаиз емес. Парыз намазды тік тұрып оқу парыз. Тік тұра алмайтын ауру адам отырып оқиды. Бөтен еркек көреді екен деп отырып оқу жаиз болмайды. (Рәддул-мухтар, Хиндийа)

Сұрақ: Әйел адам жалаң аяқ намаз оқи алады ма?

Жауап: Намаз киімі ұзын болса, аяқтары көрінбейтін болса, ешқандай зияны жоқ.

Сұрақ: Намаз борыштары (қазалары) бар әйел жылдар бойындағы хайзды күндерінен бөлек күндердің қаза намаздарын есептей ма?

Жауап: Иә.

Сұрақ: Намаз оқып жатқанда әйелдің алтын әшекейлері көрінсе жаиз ба?

Жауап: Көрінбегені жақсы болады.

Сұрақ: Әйел адамның намазын үйде күйеуімен немесе махрем еркек туысқанымен жамағатпен оқуы жалғыз оқығаннан абзал ма?

Жауап: Иә.

Сұрақ: Тізесі мен аяғының арасының 1/4 бөлігі ашылған әйелдің намазы бұзылады ма?

Жауап: Иә.

Сұрақ: Әйелдің намазда жүзін жұқа матамен жабуы жаиз ба?

Жауап: Жаиз емес.

Сұрақ: Кресттің суреті бар юбкам бар. Суретті киімдер секілді мұнымен де намаз оқу мәкрух бола ма?

Жауап: Иә, мәкрух болады.

Сұрақ: Ерін далабы (помада) мен тырнаққа жағатын лакқа плацента қосатынын сол салада жұмыс істейтін бірнеше адамдардан естідім. Ерін далабы мен лак жағып намаз оқуға бола ма?

Жауап: Лактың құрамына плацента қосылмаған күннің өзінде де лактың астына су өтпейді. Тырнаққа лак жағылған күйде дәрет алынған жағдайда дәрет өтпейді.

Сұрақ: Орамалдың астынан парик көрінсе, намаз бұзылады ма?

Жауап: Бұзылмайды.

Сұрақ: Малики мазһабын тақлид ететін әйел дәретте және ғұсылда өрілген шашын шешуі керек па?

Жауап: Малики мазһабында әйелдің дәрет алғанда өрулі шашын шешуі қажет емес. Өрулі шаштың үстінен барлығына мәсһ тартады. Ғұсылда да шаштарының түбіне, яғни басындағы теріге су тиетіндей болса, өрілген шашын шешудің қажеті жоқ. Ханафи мазһабында да осындай. Яғни әйелдер өрулі шаштарының түбіне су тиетіндей болса, өрімді шешпей үстінен мәсһ тартуы жеткілікті. Шаштың түбі ылғалданбаса, өрімді шешу керек болады. Өрілмеген шаштардың барлық жағын жуу парыз. Маликиде ғұсыл алғанда шаштарды тарамдау да керек.

Сұрақ: “Әйел адам мақта (күрсүф-прокладка) қолданбаса, намазы қабыл болмайды” делінеді. Сол дұрыс па?

Жауап: Ондай нәрсенің ешқандай негізі жоқ. Ешқандай мата? мақта қолданылмаса да намаздары сахих болады. Мақта қолданылмаса, ішкиімі ластануы мүмкін. Ластанған ішкиімді шешіп, таза ішкиіммен намаз оқылады. Мата немесе мақта намаздан кейін қойылса, ішкиімі ластанған болмайды. Егер Малики мазһабын тақлид ететін болса, намазда тұрғанда да ағынты келсе, дәреті де, намазы да бұзылмайды.

Сұрақ: Хайзды, нифасты әйел намаз оқи алады ма?

Жауап: Намаз оқи алмайды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Хайзды әйел намаз оқи алмайды.» (Бұхари, Мүслим)

«Истихазалы (үзірлі) әйел хайзы біткен соң жуынып, намазын оқиды және оразасын ұстайды.» (Дарими)

Сұрақ: Көршіміз “Жилбабсыз яғни паранжасыз намаз оқыған әйелдің намазы қабыл болмайды” дейді. Ондай нәрсе бар ма?

Жауап: Ондай нәрсенің ешқандай негізі жоқ. Жилбаб деп әйелдің де, еркектің де киіміне, көйлегіне айтылады. Өйткені хадис шәрифтерде былай делінген:

«Харамнан жилбаб (көйлек) киген еркектің намаздары қабыл болмайды.» (Бәззар)

«Намыс жилбабын (жамандықпен беті ашылған) шешкен адамның (артынан) әңгімелеу ғайбат болмайды.» (Бәйһақи)

Жилбаб – бас орамалдан кең және көйлектен қысқа болған жапқыш. Денені жауып тұратын барлық жапқыштарға (киімдерге) айтылады. (Әбүссууд тәфсирі, Рухул-бәйан тәфсирі)

Расуллуллаһ алейһиссаламның әйелі Үммі Сәләмә анамыз былай дейді:

«Расулуллаһтан әйел адам тек орамалы және көйлегімен изарсыз намаз оқи алады ма?» деп сұрағанда «Киген ұзын көйлегі аяқтарының үстімен бірге барлық денесін жабатын болса, оқи алады» деді. (Әбу Дауд)

Және хадис шәрифтерде былай делінген:

«Әйел адам басын және барлық денесін жабатын киіммен намаз оқыса, жабыну әміріне мойынсұнған болады және намазы қабыл болады.» (Әбу Дауд, Тирмизи)

«Намазды изар және ридамен оқыңдар!» (Ибн Адий)

Изар – белден төмен жабатын, ал рида – белден жоғарғы бөлікті жабатын киім. Ихрамның да төменгі бөлігіне – изар, жоғарғы бөлігіне рида делінеді. Изар – жапқыштың бір түрі, ал рида көйлектің бір түрі.

«Баһрур-раиқ»та былай делінген:

«Еркек әйеліне мыналарды алып беруі керек: кисуә (киім кешек), жылына екі дыр (кеудесі ашылатын ұзын көйлек), екі химар (бас орамал) және екі милхафа (әйелдердің көшегі шыққанда киетін сыртқы киімі. Оларға: плащ, пальто сияқты киімдер жатады).»

“Нұр” сүресінің 31-ші аятында: «Әйелдер химарларын (бас орамалдарын) жағаларының үстіне дейін жапсын!» делінген. Егер әйелдер тек паранжа кигендерінде химарларын (бас орамалдарын) жағаларының үстіне дейін (яғни мойындарымен қосып)жабу туралы сөз қозғалмайтын еді.

Әйелдерге дене пішіндерін (қопал әурет жерлерінің түрі және түсін) белгілі етпейтіндей (тартып тұрмайтын) кез келген киіммен жабыну (киіну, орану) парыз. Дініміз әйелдердің әурет жерлерін жабуын бұйырды, бірақ белгілі бір киім түрін білдірмеді. (Дурәрул-мултәқитә)

Бұл дәлелдердің барлығы әйелдердің паранжа киюі керек еместігін көрсетуде. Сүйікті пайғамбарымыздың әйелерінің де, сахабалардың әйелдерінің де паранжа кигендеріне қатысты ешқандай дәлел жоқ. Дін кітаптарында да әйелге напақа ретінде берілуі керек болған киімдер білдірілсе де ешқайсысында паранжа туралы сөз қозғалмаған.Олай болса паранжа күллі мұсылман әлемінің емес, тек бір екі елдің салты ғана.

Сұрақ: Әйелдер үшін айт намазы мен жұма намазы парыз болған бір мазһаб бар ма?

Жауап: Айт намазы Шафии мен Малики мазһабында сүннет, Ханафиде уәжіп болып табылады. Жұма намазының тек еркектерге парыз екендігі әр түрлі хадис шәрифтермен білдірілген. Бұлардың екеуі мыналар:

«Жұма намазы құлға, әйел, бала, ауру болған адамнан басқа барлық мұсылмандарға парыз.» (Әбу Дауд, Хаким)

«Намаз оқытуы үшін бір еркекке әмір етіп, кейін жұма намазына келмеген еркектердің үйлерін бастарына төңкерсем деп ойлаймын.» (Бұхари)

Айт намазының шарттары да жұма намазының шарттары секілді. Сондықтан жұма намазына бармаған әйел айт намазына да бармайды.

Еркектердің үйде оқыған намаздарынан мешітте жамағатпен бірге оқыған намаздарының сауабы  27 есе көп болатыны, ал әйелдердің мешітте оқыған намаздарынан үйде оқыған намаздарының сауабы көп болатыны хадис шәрифтермен білдірілген.

Сұрақ: Әйел адам еркектерге имам бола алады ма?

Жауап: Барлық фиқһ кітаптарында имам болуға қатысты білдірілген шарттардың бірі «Еркек болу. Әйел адам еркектерге имам бола алмайды» делінген. (Халәби)

“Дурәр” кітабындағы хадис шәрифте былай делінген:«Әйелдердің (намазда имам болып) алдыңғы қатарға шығуы жаиз емес.» (Рәзин)

Әйел адам еркектермен бірге жамағатқа араласып намаз оқыса, әйелдің оң жағында, сол жағында және артында тұрған еркектің намазы бұзылады. (Рәддул-мухтар)

Сұрақ: Неліктен әйелдер еркектердің арасында намаз оқымайды? Дін бауырлары емеспіз бе, намазды қатар тұрып бірге оқығанның не айыбы бар?

Жауап: Шынында да әйелге намазда бір жаманшылық жасайтын еркек шықпас. Олай болса неліктен әйелдер еркектердің арасына кірмейді? Әрбір әйел біреуіміздің анамыз, біреуіміздің қарындасымыз, немесе әйеліміз, қызымыз, әпкеміз, апамыз да болуы мүмкін- деп ойлайтындарымыз жоқ емес.

Иә, анамызбен де бір сапта тұрып намаз оқи алмаймыз. Өйткені оның емес, біздің намазымыз бұзылады. Сізге ұқсап басқа бір әйел де: «Маған ол еркектердің қандай зияны тиюі мүмкін» деп айтқан еді. Әлбетте еркектердің оған да, саған да, бізге де зияны тимейді. Бірақ әйел мен еркек қатар тұрып бірге намаз оқығанда, еркектің намазы бұзылады. Неге бұзылады? Намаз оқуды бізге әмір еткен Аллаһу та’ала солай бұйырғаны үшін, яғни Аллаһу та’аланың әмірі солай. Бір әйел неліктен екі еркекке тұрмысқа шыға алмайды, неліктен ағайынды, яғни ағасымен қарындасы үйлене алмайды, тағы да сол жауап Аллаһу та’ала бізге солай әмір еткені үшін. Яғни бір себептің салдарынан емес. Мысалға: еркектерге жібектен киім кию харам, неге харам? Жауабы тағы сол, бізге солай әмір етілгені үшін.

Сұрақ: Америкада әйел имамның шіркеуде жұма намазын оқытуының мақсаты не? Феминизим үшін бе? Әлде басқа да мақсаттары бар ма?

Жауап: Әрине, мақсаттары бар. Бірақ түпкі мақсаттарының не екенін білмейміз. Көзге ілігіп жатқандары бар. Хұтбада және сөздерінде мына мәселерлерді алға тартады:

«Әйел де еркектің жасаған істерін жасауы керек. Мысалға: әйел жасаған зинасының салдарынан жазаландырылмауы керек. Жасаған зиналарын жасыруға және зина жасау құқығына ие. Бұл феминизмнен де артық реформа істері. Исламның қағидалары бұдан былай өзгеруі тиіс. Енді Стамбұлға барын сондағы Сұлтан Ахмет мешітінде де жұма намазын оқытқым (имам болғым) келеді.»

Ирандық бір профессор әйел мен дін танушы бір профессор еркек те: «Имамдық үшін әйел мен еркектің арасында айырмашылық жоқ. Кім қаншалықты қабілетті болса, сол имам болуы керек» деп Америкалық әйелдің имамдығын мақұлдағаны бар. Осы сияқты басқалардың да қаңқылдаған дауыстары шыққан. Бұлардың мақсаттары феминизм де, дінде реформа жасау да емес. Діндегі реформа деген атпен дінді іштей құлату болып табылады. Әуелі әйелдер жұма намазына қатысуы керек деді, кейін хайзды, нифасты кезінде намаз оқи алады, орануы шарт емес деп кейбір хайзды әйелдерге жаназа намазын оқытқызды. Әйел әйелге имам бола алады, деді. Енді қазір әйел адам еркектерге имам бола алады, делінді. Бірте-бірте діннің әмірлері бұзыла бастады. Бұлар қияметтің белгілерінен болып табылады.

Мұндай заманда әһли сүннет ғалымдарының кітаптарына жабысудың маңызы күннен-күнге артуда.

Сұрақ: Үлкен ислам илмихалы атты кітапта: «Әйелдің әйелге имам болуы жаиз» делінген, сіздер неліктен мәкрух дейсіздер?

Жауап: Ешбір илмихалда олай делінбеген. Сіз айтқан илмихалға да қарадық. Ол жерде: «Әйелдің әйелге имам болуы керахетпен жаиз» делінген. Керахетпен деген сөзді не үшін жазбағаныңызды түсінбедік. Керахет – мәкрух деген сөз.

Яғни әйелдің әйелге имам болуы мәкрух болады. Мәкрух делінгенде тахриман мәкрух түсініледі. Тахриман мәкрух – харамға жақын мәкрух, намаздың сауабын жоқ қылады. Тек намаз борыштарынан құтылған болса да сауап алынбайды.

Қысқасы, дін енді ғана келді ме? Дініміздің үкімдері белгісіз бе? Күн сайын діннің бір үкімін жоюға тырысудың мақсаты не?

Сұрақ: Әйелдердің жаназаларға қатысулары, жаназа намазын оқулары, жаназаны тасуы және жерлеуі парыз ба?

Жауап: Жоқ, әйелдерге парыз емес. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Әйелдер жаназаларға қатыспайды.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд)

Хайзды әйелге тыйым салынғандар

Сұрақ: Бір мазһабсыз кісі: «Кең таралған сенімдерде әйелдер хайз кезінде намаз оқи алмайды, ораза тұта алмайды, мусхафты ұстай алмайды, мешітке кіре алмайды делінсе де, бұған тыйым салған бір хадис, немесе бір дәлел жоқ» дейді. Сонда дін кітаптарының барлығы өтірік нәрсе жазған ба?

Жауап: Барлығы дұрыс нәрсені жазады. Барлығының дәлелі бар. Мазһабсыз азғындар хақ болған төрт мазһаб демейді, Әһли сүннет ғалымдары демейді, кең таралған сенімдерде деп Аллаһ пен Расулының әмірлеріне, Расулуллаһтың мұрагерлері болған ғалымдардың нақл еткендеріне жалған пікір деуде. Дегенмен теріс нәрсе білдірген бірде бір әһли сүннет ғалымы жоқ.

Хайзды әйел мыналарды жасай алмайды:

1)    Намаз оқи алмайды. Хадис шәрифте былай делінген: «Хайзды әйел намаз оқи алмайды.» (Әбу Дауд)

Үммү Бүссә “радиаллаһу анһа” былай дейді: Қажылық кезінде Үммү Сәләмә “радиаллаһу анһа”дан сұрадым:

- Ей, мұсылмандардың анасы! Хайз кезінде оқымаған намаздардың қазасын өтеу керек па?

- Жоқ, қазасы өтелінбейді. Пайғамбарымыздың әйелдерінің біреуі нифас кезінде қырық күн намаз оқымады. Расулуллаһ алейһиссалам нифас кезінде оқылмаған намаздарының қазасын өтеуін әмір етпеді. (Әбу Дауд)

Нифас та хайз секілді болғаны үшін осылай білдірілген.

2)    Құран кәрімді оқи алмайды. Хадис шәрифте былай делінген:«Хайзды және жүніп адам Құран кәрім оқи алмайды.» (Тирмизи)

3)    Ораза ұстай алмайды. Бір әйел хазреті Айша анамыздан сұрады:

- Неліктен хайзды әйел оразасының қазасын өтеп, намазының қазасын өтемейді?- дегенде Айша анамыз былай деді:

- Сен харижилерденсің ба?

- Харижилерден емеспін, бірақ үйрену үшін сұрап жатқан едім.

- Хайзды күндеріміз рамазан айына тура келгенде ораза ұстамай қазасын өтеумен әмір етілетін едік. Бірақ хайзды күндеріміздегі намаздарымыздың қазасын өтеумен әмір етілмейтін едік. (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)

Бір хадис шәрифте де былай делінген: «Расуллуллаһтың заманында хайз немесе нифас себебімен рамазанда әйелдерінің бірі ораза тұтпайтын еді. Расулуллаһпен бірге Шабан айына дейін қазасын тұтпаған кездері де болатын.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)

4) Мусхафты ұстай алмайды. Хадис шәрифте былай делінген:«Құранды тек таза болған адам ұстай алады.» (Нәсаи)

5) Мешітке кіре алмайды. Хадис шәрифте былай делінген: «Жүніпке және хайзды әйелге мешітке кіру халал болмайды.» (Ибн Мажә)

6) Қағбаны тауаф ете алмайды. Хадис шәрифте былай делінген:«Бәйтуллаһты тауаф ету – намаз оқумен бірдей, яғни екеуінде де дәретті болу керек.» (Тирмизи)

7) Күйеуімен жыныстық қатынасқа түсе алмайды. (Бақара 222)

Хадис шәрифте былай делінген:«Хайзының басталғанын және біткенін күйеуінен жасырған әйел малғұн.» (Жәуһәрә)

Хайз кезінде әйелге жақындау харам болғаны үшін мұны жасырған әйел күнәға кіреді.

Сұрақ: Әйелдердің намазда қолдарының үстін және аяқтарын жабуы керек па?

Жауап: “С. Әбәдийа” кітабында былай делінген:

Әйелдердің қолы және жүздерінен басқа барлық жерлері, білектері, құлағынан төменгі шаштары мен аяқтарының асты да намазда Ханафиде әурет болып саналады. Қолдарының үсті әурет саналмайды деген ғалымдар да көп. Осыларға сәйкес әйелдердің білектеріне дейін қолдарының үстін ашық күйде намаз оқулары жаиз болады. Бірақ кітаптардың барлығына сәйкес болу үшін әйелдердің қолдарын жабатындай ұзын жеңді намаз киімімен немесе кең орамалмен қолдарын да жауып оқулары өте жақсы болады. Әйелдердің аяқтары намазда әурет емес деген ғалымдар болса да, бұл ғалымдар да намазда жабуы сүннет, ашуы мәкрух деді. Құлақтан төмен шаштар да аяқтың үкіміндей.(Қадыхан)

Әйелдің дұға етуі

Сұрақ: Әйелдер де дұға еткенде еркектер сияқты қолдарын алға қарай созады ма?

Жауап: Жоқ. Әйел адам дұға еткенде қолдарын алға қарай созбай, қолдарын жинақы, жүзіне жақын ұстайды. (С. Әбәдийа)

Әйелдің құлақтан төменгі шашы

Сұрақ: Әйелдің құлақтарынан асқан ұзын шаштары намазда ашылса, намазы бұзылған бола ма?

Жауап: Әйелдердің құлақтарына дейінгі шаштары әурет болып саналады. Құлақтан асқан ұзын шаштары да ғалымдардың көбінің қаулысы бойынша әурет болып табылады. Ашылатын болса намазы бұзылады. Кейбір ғалымдардың үкімі бойынша құлақтан төмен бөлігі намазда әурет болмайды. Бірақ бөтен еркектердің бұл шаштарға да қараулары жаиз емес. (Халәбии кәбир)

Жәлсәде отырғанда

Сұрақ: Намазда екі сәжде арасында әйел қалай отырады?

Жауап: Тәшәһһүдте яғни намаздағы (әттахиаттағы) отырыста отырғандай отырады. (Рәддул-мухтар)

Әйел және Жұма намазы

Сұрақ: Әйел адам жұма намазын оқитын болса сахих болады екен. Сахих болуы жұма намазының әйелдерге де парыз болғандығын көрсетпей ме?

Жауап: Парыз екендігін көрсетпейді. Әйелдерге жұма намазын оқу парыз емес.

"Әйелге және сафари болған адамға жұма намазын оқу парыз емес." (Фәтауаи Хиндийа)

Сафари болған адам жұма намазын оқыса сахих болады. Осы секілді сапарда болғанға рамазан оразасын ұстау да парыз емес. Бірақ ұстаса оразасын өтеген болады. Бес уақыт намаздың қайсысын болса да уақыты кірісімен оқу парыз емес, уақытының соңында парыз болады. Бірақ уақыты кірісімен оқылса, парызын өтеген болады. Құрбандық кесу де осылай. Құрбан айтының үшінші күні бай адамға құрбан кесу уәжіп болады. Бірақ бірінші күні кесілсе, уәжіп орындалған болады. (Рәддул мухтар)

Жұма намазы сафари болған адамға парыз болмаса да, оқыса сахих болғанындай әйел адам оқыса да сахих болады. Мұның әйел адамға жұма намазының парыз болуымен еш қатысы жоқ.

Жұма намазының парыз болуының екі шарты бар:

Вужуб шарттары (керек болған шарттар) және ада шарттары (өтелетін шарттары)

Вужуб шарттарының бірі немесе бірнешеуі бір адамда болмаса, соған қарамастан ол адам жұма намазын оқыса, намазы сахих болады. Оқымаса күнә болмайды. Өйткені вужуб шарты жоқ.

Бұл шарттар болмаса да жұма намазын оқыған адам жұма намазын орындаған болады. (С. Әбәдийа)

Әйел адам дауыстап оқи алмайды

Сұрақ: «Еркектердің намазда дауыстап оқитын жерлерінде әйелдер де дауыстап оқи алады» дегенді естідім. Әйелдердің дауыстап оқулары жаиз ба?

Жауап: Жоқ. Әйелдер намазда және намаздың сыртында дауыстап оқи алмайды. Азан және қамат айту еркектерге сүннет бола тұра, әйелдердің ешкім жоқ кезде де азан және қамат айтулары тахримән мәкрух болады. (С. Әбәдийа)

Таң, ақшам және құптан намаздары мен түнде оқылатын нәпіл намаздарда еркектердің дауыстап оқулары мүстаһаб бола тұра, әйелдердің дауыстап оқулары жаиз емес.

“Фәтиһ” кітабында: “«Намазда Құранды дауыстап оқыған әйелдің намазы бұзылады» деген сөз орынды” делінген. Әйелдер құрбан айттарында парыз намаздарынан кейін тәшриқ тәкбирлерін дауыссыз оқиды. Намазда тұрғанда дауыстап оқымайды. (Рәддул мухтар)

Дауыссыз оқу – өзі еститіндей дауыспен оқу деген сөз. Дауысын өзі де естімесе, намазы сахих болмайды.