Сұрақ: Бөтен әйелдерге қарау күнә ма?

Жауап: Махрем болмаған әйелдерге де, еркектерге де қажетсіз және шаһуетпен қарау күнә болады. Бір аят кариманың мағынасында былай делінген:

«Ей Расулым, мүминдерге айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан сақтасын! Иманды болған әйелдерге де айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан сақтасын!» (Нур 30)

Хадис шәрифтерде де былай делінген: «Еркектің әйелге, әйелдің де еркекке (шаһуетпен) қарауы харам.» (Табарани)

«Харамға қарау – шайтанның уланған оғы. Аллаһу та’аладан қорқып бөтен әйелге (қызға) қарамаған адамға ләззатты иман нәсіп болады.» (Рамуз)

«Бөтен әйелге (қызға) шаһуетпен қараған адамның көздері отпен толтырылып, жаһаннамға тасталады, онымен қол алысқанның қолдары еңсесіне байланып, жаһаннамға қуылады, қажетсіз және шаһуетпен сөйлескен адам әр сөзі үшін мың жыл жаһаннамда қалады.» (Р.Насихин)

«Көршінің немесе досының әйеліне шаһуетпен қарау, бөтен әйелге қараудан және тұрмыс құрған әйелге қарау бойдақ қызға қараудан үлкенірек күнә. Зина да осындай.» (Р.Насихин)

Еркектің әйелмен қол алысуы, зәру бір жағдай болмаса да сөйлесуі, жасырын бір жерде жеке қалуы харам. Пайғамбарымыз да ешбір әйелмен қол алыспаған. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Әрине мен әйелдермен қол алыспаймын.» (Нәсаи, Ибн Мажа, Табарани)

Хазреті Айша анамыз да былай деген:

«Расулуллаһ өзіне халал болған әйелдерден басқа ешбір әйелмен қол алыспаған.» (Бұхари, Мүслим)

Тағы хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бір еркектің басына темір қазықтың қадалуы, намахрем әйелге тиюдің қасында өте жеңіл бір әрекет боп қалады.» (Табарани, Бәйһақи)

«Бөтен әйелмен құшақтасқан адам шайтанмен бірге шынжырға соғылып отқа тасталады.» (Ширъа)

«Әйелдермен бір арада жеке қалудан сақтаныңдар. Аллаһқа ант етемін, бір адам әйелмен жеке қалған кезде араларына шайтан кіреді. Бір адамның үсті-басы батпақ бір шошқамен қысылып тұруы, ол адам үшін өзіне халал болмаған әйелге тиюден жеңілірек.» (Табарани)

Намахреммен сөйлесу

Әйелдер зәрулік болмайынша намахрем еркектермен сөйлесе алмайды. "Рамуздың" 469-шы бетінде жазылған алғашқы хадис шәриф мынадай:

«Ей әйелдер, тек махремдерің болған еркектермен сөйлесіңдер, махремдерің болмағандармен сөйлеспеңдер!» (Ибн Саид)

Өздерің арлы болсаңдар

Еркектер ұятсыз, арсыз (яғни намыссыз) болса, жезөкшелер жиналатын жерлерге баратын болса, әйелдері, қыздары да жаман жолға түсуі мүмкін. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Өздерің арлы болсаңдар, әйелдерің де арлы болады.» (Хаким)

«Әркімнің әйелін, қызын бұзған (басын айналдырған) адам бізден емес.» (И.Ахмед)

«Зина еткен адам дәл сол нәрсеге өзі ұшырайды.» (И.Нәжжар)

Құран кәрімде, «Фухштың (ұятсыздықтың, арсыздықтың) ашығына да, жасырын түріне де жоламаңдар» делінген. (Әнам 151)

Бұл жердегі "жоламаңдар" дегені, зинаға апаратын себептерден, әрекеттер мен істерден сақтаныңдар, бөтен әйелдерді ойламаңдар, олармен сөйлеспеңдер, олардың дауыстарын тыңдамаңдар, оларға қарамаңдар деген сөз. Бөтен әйелдерге қарау көзді әлсіретеді, жүректі қарайтады. Сүйікті пайғамбарымыз да «көз зинасы» жайында былай деген:

«Бөтен әйелге шаһуетпен қарау – көз зинасы, оны ұстау – қол зинасы, ал оған бару болса, аяқтың зинасы болады.» (Р.Насихин)

«Бір бөтен әйелді көріп, Аллаһтан қорқып басын одан бұрған адамға Аллаһу та’ала ғибадаттардың дәмін сездіреді.» (Әбу Дауд, И.Ахмед, Хаким)

«Өз әурет жерін ашқан, басқасының әурет жеріне қараған адамды Аллаһ лағнет етсін!» (Бәйһақи)

 «Әйелдің жүзі мен екі алақанынан басқа бүкіл денесі әурет.»(М.Әнһур)

Әйелдердің Құран кәрім, мәуліт, илаһи оқып дауыстарын еркектерге естіртуі харам. (Микрофон, радио және теледидар арқылы естіртуі мәкрух болады.» (Тәрғиб-ус салат, Хадиқа)

 Ғалымның, ата-ананың қолын оларға құрмет көрсету үшін сүюге болады. Бірақ намахрем әйел бір ғалымның қолын сүйе алмайды. Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Пайғамбарымыз еркектермен мусафаха етіп келісім жасағаннан кейін, әйелдермен де келісім жасады. Әйелдердің келісімі тек сөзбен ғана болды. Мүбарак қолы әйелдердің қолына тимеді.» (3/41)

"Тибйан" тәфсирінде Мумтәһина сүресінің 12-ші аятының түсініктемесінде былай делінген:

Пайғамбарымыз Онымен келісім жасалған кезде ешбір бөтен (намахрем) әйелмен мусафаха (қол алыспаған) етпеген еді. Хазреті Айша да:

«Пайғамбарымыздың әйелдермен келісімі тек ауызша болатын еді. Оның қолы ешбір бөтен әйелдің қолына тимеген еді.» (Мүслим)

 Дәрігер ер адам болса, одан басқа дәрігер табылмаған кездерде әйелдердің оған барып көрінулеріне болады. Ұстап көруді талап ететіндей зәру жағдайларда дәрігердің қажет ететіндей мөлшерде әйелге тиюі жаиз. Қажетті болмаған жерлерін де ашуы, ол жерлерге қолын тигізуі харам. 

Намахремге қарау күнә

Сұрақ: Кейбір атеисттер: «Пайғамбар заманында әйелдер оранбайтын еді. Қазіргідей тұлып сияқты оранып алу ол кездері жоқ еді. Хазреті Айша басы ашық жүретін еді. Қазіргі орану түрлерінің барлығын кейіннен діншіл фанатиктер ойлап шығарған» дейді. Бұл жағдай хиджаб аяты келуден бұрын емес пе еді?

Тағы да атеисттердің әсерінде қалған бір досым, «Әйелдерге қарау, олармен сөйлесу, тіпті олармен бірге отыру да күнә емес. Әйелдердің еркектермен намаз оқуының да зияны жоқ. Расулуллаһ әйелдердің намазда ең артқы сапта тұрып оқуын айтуы хушу деб аталатын намазда көңілді бір жерге жинап тұру үшін айтылған. Әйтпесе еркек-әйел намаздарын бірге оқуларының зияны жоқ. Ал орану деген нәрселер діннің негізгі бұйрықтарынан емес» дейді. Әйелдердің ашық-шашық жүруі, оларға қарау және олармен сөйлесу күнә емес пе?

Жауап: Әрине күнә. Ішкілікке тыйым салған аят карима келуден бұрын мұсылмандар арасында ішкілік ішетіндер бар еді. Бұны мысал ретінде көрсетіп, ішкілік харам емес еді деу қате болғанындай, хиджаб аятынан бұрыңғы жағдайды айтып, әйелдермен сөйлесудің, оларға қараудың, олармен бірге отырудың күнә еместігін айту да қате.

Хиджаб (орану) аяты келуден бұрын әйелдер оранбайтын еді. Расулуллаһқа келіп, білмегендерін сұрап үйренетін еді. Расулуллаһ біреудің үйіне барса, әйелдер де келіп, отырып, тыңдап, пайдаланатын еді. Бәйдәуиде және Бұхаридың тәпсір бөлімінде білдірілгеніндей, хижреттен үш жылдан кейін Ахзаб және бес жылдан кейін Нур сүресіндегі хиджаб аяттары келіп, әйелдердің бөтен еркектер жанында отыруына, олармен сөйлесуіне тыйым салынды. Осыдан кейін сүйікті пайғамбарымыз әйелдерге білмегендерін мүбарак жұбайларынан сұрауын әмір етті.

Хиджаб аятынан бұрыңғы жағдайды айтып, әйелдердің ашық-шашық жүруінің зияны жоқ екенін айту, мұсылмандарды алдау болады. Расулуллаһтың мүбарак жұбайы Умми Сәләмә анамыз айтып берген:

Мәймунамен бірге Расулуллаһтың жанында едік. Екі көзі де көрмейтін Ибн Мәктум рұқсат сұрап ішке кірді. Расулуллаһ бұны көргенде бізге «Ішке өтіңдер» деді. «Ол соқыр емес пе, бізді көрмейді ғой»дедім. «Ол сендерді көрмейтін болса, сендер де оны көрмейсіңдер ме?» Яғни ол соқыр болса, сендер соқыр емессіңдер ғой, деді. (Тирмизи, Әбу Дауд, И.Ахмед)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бөтен әйелді көрген кезде беттеріңді одан бұрыңдар! Байқаусызда қарап қою күнә болмаса да, қайта қарау күнә болады.»(Әбу Дауд, Дарими)

«Балиғатқа жеткен қыз, беті мен қолынан басқа жерлерін намахремдерге көрсете алмайды.» (Әбу Дауд)

«Әнші әйелдің алған ақшасының харам болғаны сияқты, оны тыңдау және бетіне қарау да харам. Хараммен азықтанған денеге жаһаннам оты лайық.» (Табарани)

«Бір әйел иіссу себініп сыртқа шықса және иісін сездіру үшін бір топ адамның жанынан өтетін болса, оған қарағандарға да, оның өзіне де зина күнәсы (көз зинасы) жазылажы.» (Нәсаи)

«Көздер зина етеді, қолдар зина етеді, аяқтар зина етеді, жыныстық мүше зина етеді.» (Ахмед, Табарани)

«Көздің зинасы – харамға (намахремге) қарау, тілдің зинасы – ұятсыз нәрселер айту.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд)

«Бір әйел әдемі иістер себініп, назар тартатын әдемі киімдер киіп, бір топтың жанынан өтсе, зина істеген сияқты күнәға батады.»(Ибн Хиббан)

«Харамға қарамаған көздер жаһаннам отын да көрмейді.»(Исфахани)

«Әйелге шаһуетпен қараған адамның көздеріне балқыған қорғасын құйылып жаһаннамға тасталады.» (М.Әнһур)

«Көрші әйелге, досының жұбайына шаһуетпен қарау бөтен әйелге қараудан он есе үлкен күнә. Үйленген әйелдерге қарау, қыздарға қараудан үлкенірек күнә.» (Табарани)

Әйелдердің шаштары да әурет. Әурет жеріне зәрулік болмай шаһуетсыз да қарау харам.

Имам Ғазали хазреттері былай деген:

Әйелдердің, қыздардың, басы, шашы, қолдары ашық түрде көшеге шығуы харам болғаны сияқты, жұқа, сәнді, хош иісті киіммен шығуы да харам. Бұлай шығуына рұқсат берген, разы болған ата-анасы, күйеуі немесе бауырлары да оның күнәсы мен азабына ортақ болады. (Кимия-и са’адат)

Имам Зәһәби да былай деген:

Еркектерге әшекейін көрсеткен әйелдерге, мысалы алтын, інжу-маржан сияқты нәрселерді орамалының үстіне таққан, иіс сепкен, түрлі-түсті және жібек матамен оранған, жеңдері кең болып қолдары көрініп тұратын және осы сияқты өздерін еркектерге көрсеткен әйелдерге Аллаһу та’ала дүние мен ахиретте азап береді. (Зәуәжир Ибн Хажери Мекки)

Орануға мән бермеу және әшекейлерін көрсету сияқты күнәлар көбінесе әйелдерде кездескені үшін сүйікті пайғамбарымымз, «Миғраж түні жаһаннамды көрсетті, көбісінің әйел болғанын көрдім» деді.(Тирмизи)

Харамға қарамау үшін

Сұрақ: Көшеге ашық-шашық шыққан әйелдерге қарамауға тырыссақ та кейде қарап қоямыз. Осы сияқты жағдайларда күнә істемеу үшін не істесек болады?

Жауап: Харамға қарамау үшін мыналарды білу керек:

а) Бөтен әйелдерге қарау көзді әлсіретеді, жүректі қарайтады. Көзіміздің әлсіремеуі, жүрегіміздің қараймауы үшін қарамауға тырысуымыз керек. Имам Раббани хазреттері, «Харамдар жылтыраған нәжіс сияқты» деген. Сырты әдемі, бірақ іші жаман. Бұны түсіне алған адам қарамайды.

ә) «Әурет жерін ашқан және оған қараған адамды Аллаһ лағнет етсін» хадис шәрифін ойлап, лағнеттелген болмау үшін әрдайым осы хадис шәрифті еске түсіру керек.

б) «Аллаһтың азабынан қорқып, басын бөтен әйелден бұрған адамға Аллаһу та’ала ғибадаттың дәмін сездіреді» хадис шәрифін ойлап, ғибадаттардың ләззатына жете алу үшін әйелдерге қарамауымыз керек.

в) «Бөтен әйелге шаһуетпен қараған адамның көзіне балқыған қорғасын құйылып жаһаннамға тасталады» хадис шәрифін ойлап, көзімізге балқыған қорғасын құйылып жаһаннамға тасталудан қорқуымыз керек.

г) Бөтен әйелге қарау арсыздық, яғни намыссыздық. Жоқ жерден не үшін намыссыз боламыз?

д) Біз қараған әйелдер біреудің анасы, әпкесі, қарындасы, сіңлісі, қызы немесе әйелі. Біреу біздің анамызға, әпке-қарындасымызға, қызымызға және әйелімізге қараса разы боламыз ба? Намысты адам разы болмайды. Біз қараған әйел де міндетті түрде біреудің анасы, әпке-қарындасы, қызы немесе әйелі. Намыссыздық болған бұл істі қалай істейміз? Бір хадис шәрифте: «Ей еркектер, сендер өздерің намысты болыңдар, сонда әйелдерің мен қыздарың да намысты болады»делінген. Өз әйелімен қызының намыссыз болуына өзі себеп болатындай опасыздық бола ма?

Әйелдерге жақындамаңдар

Сұрақ: Құранда, «Зина етпеңдер» демей неге «Зинаға жоламаңдар» делінген?

Жауап: Иә, Құран кәрімде «Зинаға жоламаңдар» делінген. (Исра 32)

Сонымен қатар Құран кәрімде «Ата-ананы ұрмаңдар» делінбей,«Ата-аналарыңа уф демеңдер» делінген. (Исра 23)

Бұл аят каримада «уф» деуден мақсат – оларға ренжітетіндей ештеңе айтпаңдар деген сөз. (Бәйдәуи)

Бұл жерде ең жеңілі айтылып, тіпті осыдан да сақтанылуы, осылайша жаманырақ болған іске жақындалмауы әмір етілуде.

 «Зинаға жоламаңдар» тіркесі де зинаға апаратын себептерден, жағдайлардан, әрекеттермен істерден сақтаныңдар деген сөз. Яғни еркектер үшін бөтен әйелдерді ойламай, оларға күлімдемей, оларға сәлем бермей, қажеттілік болмағанша олармен сөйлеспей, хал-жағдай сұраспаңдар, бет алдында дұға етпеңдер, оларға хат жазбаңдар, электронды поштада, чатта сөйлеспеңдер, олардың дауыстарын тыңдамай, оларға қарамаңдар, олармен қол алыспаңдар, бір бөлмеде жеке қалмаңдар, билемеңдер және т.б. деген сөз.

Әйелдер үшін де, назар тартатын киім кимеңдер, күйеуінен басқасына макияж жасамаңдар (боянбаңдар), әшекейлеріңді бөтендерге көрсетпеңдер, иіссу себініп көшеге шықпаңдар, олар көруі мүмкін болған жерлерде тұрмаңдар, олармен сәлемдеспеңдер, құттықтамаңдар, бет алдында дұға етпеңдер, қол алыспаңдар және т.б. деген сөз.

Әйелдердің еркектерге қарауы

Сұрақ: Әйелдердің бөтен еркектерге шаһуетсіз қарауы жаиз емес пе?

Жауап: Қажет болған жағдайларда әйелдердің әурет жері ашық болмаған бөтен еркекке тек шаһуетсіз және қажеттілік мөлшеріндей уақыт қарауларына болады. Шаһуеттенбейтініне сенімді болған әйелдің бөтен еркекке қарауы еркектің еркекке немесе еркектің махремі болған әйелдерге қарауы сияқты жаиз, яғни күнә емес. Ал шаһуетпен қарауы харам болады. Бірақ мен шаһуетсіз қараймын деп бөтен еркектерге қарауды әдет жағдайына келтіруі, осылайша қажет болмаса да қарай беруі дұрыс болмайды.

Телефонмен сөйлесу

Сұрақ: «Өздері көрінбегені үшін намахреммен телефон арқылы сөйлесу, смс жазысу немесе электронды пошта арқылы хабарласып тұру жаиз болады» делініп жатады. Бұл жерде өлшем жоқ па?

Жауап: Қажеттіліксіз сөйлесу жаиз болмайды. Құран кәрімдегі«Зинаға жоламаңдар» тіркесі зинаға апаратын себептерден, жағдайлардан және іс-әрекеттерден сақтаныңдар деген сөз. Мысалы еркектер үшін бөтен әйелдерді ойламаңдар, оларға күлімдемеңдер, қажеттілік болмағанша олармен сөйлеспеңдер, сәлем бермеңдер, хал-жағдай сұраспаңдар, олар еститіндей етіп дұға етпеңдер, оларға хат жазбаңдар, электронды поштада, чатта сөйлеспеңдер, олардың дауыстарын тыңдамаңдар, оларға қарамаңдар деген сияқты түсініктерге келетіндігі кітаптарда жазылған.

Іш киімге қарау

Сұрақ: Бөтен әйелдің іш киіміне қарау жаиз ба?

Жауап: Шаһуетпен қарау харам. (С.Әбәдийа)

Теледидардағы көрініс

Сұрақ: Бөтен әйелдердің суреттеріне және компьютер немесе теледидардағы көрінісіне қарау жаиз ба?

Жауап: Әйелдердің шаш, қол сияқты қарауы харам болған жерлерінің айнадағы немесе судағы көріністеріне шаһуетсіз қарау жаиз. Бұларды көру, өздерін көру сияқты болмайды. Суреттеріне, теледидар мен компьютердегі көріністеріне қарау, айнадағы көріністеріне қарау сияқты. Барлығына шаһуетсіз қарау жаиз болып, шаһуетпен қарау немесе шаһуетке себеп болатын көріністеріне қарау харам. Яғни шаһуетке себеп болатын көрініс болса, оған шаһуетсіз болса да бұған қарау харам.

Харамға себеп болу

Сұрақ: Теледидар және газеттегі шаһуетке себеп болмайтын көріністерге шаһуатсіз қарау жаиз екеніне қарағанда бұларды басу, жариялау да жаиз ба?

Жауап: Бұларға шаһуетпен қарайтындар да шығуы мүмкін болғандықтан шаһуетке, харамға себеп болатын фотосуреттер мен көріністерді жариялау жаиз болмайды.