Сұрақ: Дінімізде мута некесі бар ма?

Жауап: Мута некесі төрт мазһапта да харам болып табылады. Мута некесі –бір әйелге куәгерсіз, белгілі бір мөлшерде ақша беріп, белгілі бір уақыт бірге өмір сүруге келісім жасау деген сөз. Мута некесінің харам екендігі жайлы барлық ғұламалар арасында ауызбірлігі орнағаны Мизанул күбра және Ибн Абидин кітаптарында жазылған.

Имам Табарани былай білдірген:

Абдуллаһ ибн Аббас «Мута некесі әуелі халал еді. Бірақ«Аналарың сендерге харам» мағынасындағы аяти кәрима келгеннен кейін, харам етілді. Мүминун сүресінің «Тек әйелдерің және ие болған күңдерің халал» мағынасындағы аят кәримасы, мута некесінің харам етілгенін қуаттап білдіріп тұр. Өйткені бұл аяттан тек әйелдері мен күңдердің халал болып, өзгелердің харам болғаны түсініледі.» деген.

Мута некесінің харам екенін хазірет Әли және көптеген сахабалар білдірген. Бұхари шәриф кітабында «Хазіреті Әли Абдуллаһ ибн Аббасқа: “Расулуллаһ хайбәр соғысында мута некесіне және есек етін жеуге тыйым салды”» деп жазылған. Бұдан бөлек Мүслими шәриф кітабында және Ибн Мажә кітабында пайғамбарымыздың «Ей мұсылмандар! Әйелдермен мута некесін жасауларыңа рұқсат берген едім. Бірақ, қазір бұны Аллаһу та'ала харам етті. Кімнің жанында мұндай әйел бар болса, оны жіберсін және оған берген мүлкін кері алмасын!» деп бұйырғанын жазған.

Барлық тәфсирлер мен фиқһ кітаптары былай дейді: Ниса сүресі 24-аятының «Истимта (қолданған) еткен әйлдеріңнің ақыларын төлеңдер» мағынасындағы аят мута некесі үшін емес. Некедегі мәһр ақшасын беру үшін. Мысалы Бәйдауи тәфсирі және мұның хашиясы (ашықтамасы) болған Шейхзада тәфсирінің екінші томының 26-бетінде жоғарыда айтылған аяттың тәпсірін былай жазған:

«Бұл аяти кәрима сахих болған некені білдіруде. Мута некесінің мұбах екенін көрсетпейді. Тек мәһр ақшасын ғана әмір етуде. Мута некесі бұрын мұбах болған. Кейіннен тыйым салынды. Исламда белгілі бір уақыт үшін неке қидыру деген нәрсе жоқ.»

Екі хадис шәрифте былай делінді:

«Әйелдерді уақытша некелеу харам. Аллаһқа харамдарды халал деп есептейтіндерден артық дұшпан жоқ.» (Ибни Кани)

«Мута некесі харам.» (Бұхари, Мүслим, Тирмизи)