Бiрiншi шарт

Аллаһу та’алаға сену

Амәнту  биллаһи: Аллаһу та’аланың барлығына және бiрлiгiне сендiм, иман еттiм, жүрегiммен растап (тасдиқ) тiлiммен айттым деген мағынаға келедi. Аллаһу та’ала бар және бiр. «Бiр» сөзiнiң сөздiкте екi түрлi мағынасы бар. Бiрiншiсi, сан жағынан екiнiң жартысы әрi сандардың алғашқысы. Екіншісі, сыңары және ұқсасы болмау жағынан бiр. Мiне Аллаһу та’ала тек қана сан жағынан емес, ұқсасы болмау жағынан да бiр. Яғни затында және сипаттарында ешқандай сыңары жоқ. Барлық жаратылыстың заты және сипаттары өздерiн жаратқан құдіреттің затымен  сипаттарына ұқсамағандығы сияқты, жаратқанның заты және сипаттары да жаратқандарынан ешбiрiнiң заты және сипаттарына ұқсамайды.

Бүкiл жаратылған әрбiр мүшенiң, клеткалардың жаратушысы, жоқтан бар етушiсi жалғыз Аллаһу та’ала. Аллаһу та’аланың затының ақиқатын, яғни қандай екенiн ешкiм бiлмейдi. Ол ойға, қиялға келетін ешбір нәрсеге ұқсамайды. Тек, Құран Кәрiмде баяндалған сипаттарын, есiмдерiн жаттап, ұлылығына жүрекпен сенiп, тiлмен айту керек. Барлық сипаттары мен есiмдерiнiң бастамасы да, соңы да жоқ.

Заты ешбiр жерде тұрмағандығы iспеттi, біз бiлетін алты жақта болудан да пәк. Яғни алда, артта, оңда, солда, төбеде, төменде емес. Ол әр жерде үнемi дайын және үнемi көрiп тұр деп айтуға болады.

Аллаһу та’аланың сипаттары он төрт. Алтауына заттық сипат, сегiзiне субути сипат делiнедi. Бұлардың мағыналарын бiлiп, жаттап алу қажет.

Заттық сипаттары

1. Вужуд: Аллаһу та’ала бар. Оның бар болуының бастауы жоқ. Уажибул вужуд, яғни бар болуы мiндеттi.

2. Қыдем: Аллаһу та’аланың барлығының бастауы жоқ.

3. Бақи: Аллаһу та’аланың бар болуының соңы жоқ, мәңгi.

4. Уаһданиат: Аллаһу та’аланың затында, сипаттарында және  істерінде ешқандай  ұқсасы, ортағы, серiгi жоқ. 

5. Мұхаляфатун лил-хауадис: Аллаһу та’ала заты және сипаттарында жаратылғандардың заты және сипаттарына ұқсамайды.

6. Қиям би-нафсиһи: Ол өзінің затымен бар. Бар болуында мекенге, заманға, материяға және еш нәрсеге мұқтаж емес. Керiсiнше барлық нәрсе Оған мұқтаж. Мекен, материя жоқ кезінде ол бар болатын. Осы әлемді жоқтан бар етпес бұрын заты қандай болса, мәңгілік солай қалады.

Субути сипаттары

1. Хаят: Аллаһу та’ала тiрi әрi мәңгi өмiр сүредi. Оның тірі болуы жаратқандарының тірлігіне ұқсамайды. Бұл ерекшелiгi өз затымен тұрақты. Яғни тiрi, үнемi мәңгi өмiр иесi. Бұл сипатының бастамасы да соңы да жоқ.

2. Ілім: Аллаһу та’ала ілім иесi. Және оның бiлiмi әр нәрсенi қамтиды. Оның бiлуi жаратылғандардың бiлуi сияқты емес, қап-қараңғы түнде құмырсқаның қара тастың үстiнде жүргенiн көредi және бiледi. Адамдардың жүрегiнен өткен ойларды, ниеттердi бiледi. Бiлуiнде ешбiр өзгерiс болмайды. Бастамасыз және шексіз ілім иесі.

3. Сәм: Аллаһу та’ала есітушi. Аспапсыз, шартсыз және себепсіз естиді. Оның естуi пенделерінің естуiне ұқсамайды, Ол бұдан пәк. Бұл сипаты да басқа сипаттары сияқты әбади және әзәли, яғни бастамасыз және соңсыз (мәңгі).

4. Басар: Аллаһу та’ала көруші. Әр нәрсенi өз затына  тән сипатымен көредi. Оның көруi көзбен емес.

5. Ирада: Аллаһу та’ала қалағанын қалауынша iстейдi. Әрбiр нәрсе оның қалауымен бар не жоқ болады. Қалауына тосқауыл болатын ешбiр күш жоқ.

6. Құдрет: Аллаһу та’аланың барлық нәрсеге күш-құдіретi жетедi. Ешқандай нәрсе оған қиын болмайды.

7. Кәлам: Аллаһу та’ала сөйлеуші. Сөйлеуi бiр құрал, аспап, әрiптер, дауыстар және тіл арқылы емес.

8. Тәкуин: Аллаһу та’ала жаратушы. Одан басқа жаратушы жоқ. Барлық нәрсенi ол жаратады. Аллаһу та’аладан басқаларына жарату етістігін қолданбау керек.

Аллаһу та’аланың сипаттарының ақиқаттарын түсiну (мухал) мүмкін емес. Ешбiр адам және ешбiр нәрсе Аллаһу та’аланың сипаттарына ортақ және ұқсас бола алмайды.