Сұрақ: Кітаптарда хазреті Әлидің бір қарияға құрмет көрсетіп алдына өтпестен (озбастан), артынан жүргені білдіріледі. Адамға тек қана жасына қарай құрмет көрсету керек па?

Жауап: Имам Ағзам хазреттері имам Әбу Юсуфқа: “Ғалымдарды құрметте! Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет-мейірімділік көрсет!»деген. Әсіресе мұсылман қарттарға құрмет көрсету керек. Жақсы-жаман деп ажыратпай, барлығына бірдей жақсылық жасау керек. Мысалы, қоғамдық көліктерге жас, кәрі, ауру, сау, әйел, еркек, бай, кедей, ғалым, надан сияқты әр түрлі топтың адамдары мінеді. Әлсіздерге көмектесу керек, автобусқа мінерде де, түсерде де көмектесіп, оларға орын беру керек. Қарттарға, мұқтаждарға көместесу керек.

Осы тұрғыдағы хадис шәрифтерде былай делінген:

«Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!» (Шира)

«Қарттарға құрмет және сияпат, Аллаһу та’алаға деген құрметтен туындайды.» (Бұхари)

«Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес..» (Бұхари)

«Халықтың ішіндегі қария – үмбетінің арасындағы пайғамбар сияқты.» (И. Нәжжар)

«Мына үш нәрсе Аллаһу та'алаға деген тағзымнан саналады:

1- Мұсылман болып қартайған адамды құрметтеу,

2- Құран кәрімді жаттаған адамды құрметтеу,

3- Ғалымды құрметтеу.» (Рамуз)

«Мұсылман болып қартайғанды құрметтеген адам Нұх алейһиссаламды кұрметтегендей сауап алады. Нұх алейһиссаламды құрметтеген адам, Аллаһу та'аланы құрметтеген болады.» (Хатиб) 

«Тәкбір, тахмид, тәсбих және таһлил себебімен мұсылман болып қартайған мүминнен абзал адам жоқ.» (И. Ахмед) (Тәкбір: Аллаһу әкбәр, таһмид: Әлхамдулиллаһ, тәсбих: Сүбханаллаһ, таһлил: Лә илаһә иллаллаһ)

Пайғамбарымыз алейһиссалам Аллаһу та'аланың ант етіп:«Мұсылман болып қартайған адамға азап шектіруден ұяламын» деп бұйырғанын білдіргеннен кейін, жылады. Себебін сұрағанда: «Аллаһу та'ала өзінен ұялған халде, Одан ұялмайтындарды ойлап жыладым»деді. (Бәйһақи)

Сұрақ: Автобуста отырғанда жақсы ма, жаман ба, кім екені білгісіз үлкен кісілер келеді. Олардың қандай екенін білместен орын берудің зияны жоқ па?

Жауап: Дініміз қарттарды құрметтеуге аса мән берген.

Хадис шәрифте: «Жас адам бір қарттың жасына қарап құрмет көрсетсе, оның жасына барғанда Аллаһу та’ала оған жастарды құрмет еттіреді» делінген. (Шира)

Бүгіннің жастары ертеңнің қарттары деген сөз.

Қарттарға құрмет көрсеткенде бай кедей деп бөлмеу керек. Байға байлығы үшін құрмет етілмейді. Мал-мүлкіне бола байды көтеріп, кедейлігіне бола кедейді төмендеткен адамның лағынетке лайықты екендігі білдірілген. (Шира Шәрһі)