Адам не үшін жаратылды

Сұрақ: Aллаһу та’aла адамды не үшін жаратты?

Жауап: Аллаһу та’ала дүниені және бүкіл әлемді адам үшін жаратты. Өсімдіктерді, жануарларды, су, тас, топырақ, жер асты кен-байлықтары секілді барлық нәрсені адамның қолдануы үшін жаратты. Ал адамдарды өзін тануы үшін және...

Әһли сүннет ақидасы өте құнды қазына

Кімдер дүниеде бір-бірлерін жақсы көрсе, бірге болса, ахыретте де бірге болады. Ахыретте кімдермен бірге болуды, қайда болуды қаласақ мұны дүниеде таңдап, соған қарай шешім қабылдау керек. Яғни кім болғанымыз емес, кімдермен бірге болғанымыз маңызды.

Ораза және Рамазан айының құндылығы

Сұрақ: Рамазан айының құндылығы қандай?

Жауап: Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:

Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа...

Азан мен қамат

Азан - жұртшылыққа бiлдiру, хабар беру деген сөз. Бес уақыт намаз және қаза намаздары үшiн және жұма намазында хатиптің алдында еркектердiң азан айтуы сүннеті мүәккәдә. Әйелдердiң азан мен қамат айтулары мәкрух. Азан халыққа уақыт бiлдiру үшiн биiк жерде оқылады.

Ораза тек ауыз бекіту емес

Аллаһу та'ала иман еткендерге жылына бір рет рамазан айында ораза ұстауды әмір еткен. Хақ та’ала бұл әмірді себепсіз бермеген. Ораза адамдарға әрі материалды, әрі рухани пайда беруде. Бір жыл бойы түрлі тағамдарды қорту үшін шаршаған адамның асқазаны және ішектері жылына бір рет демалып, өзінің саулығын сақтаған болады.

Қағба және Зәмзәм суы

Қағбаның орны ұмытылған жылдардың бірінде Ибраһим алейһиссалам Хажар анамызбен ұлы Исмаилды алып, қазіргі Қағба тұрған жерге келеді. “Маған сендерді осы жерге қалдыруым бұйырылды” деп бұрылып кетеді. Хажар анамыз тәуекел етіп әмірге мойын иеді де “Раббым бізге жеткілікті!” дейді. Жандарында бір шөлмек су...

Қай тараптан екенін білдіру.

Әркім өз тарапын, өз жағын, өзінің қай тараптың адамы екенін білдіруі тиіс. Басқа амал жоқ. Өйткені ахыретте адамның баратын екі жері ғана бар. Бірі - Жұмақ, екіншісі – Тозақ. Үшінші жер жоқ. Ахыретте «Сен қай тараптың адамысың?» деп сұралады.