Айдың екіге бөлінуі

Пайғамбарымыздың мұғжизаларының бірі айдың екіге бөлінуі. Араларында Әбу Жәһл мен Уәлид бин Мұғира болған мүшриктер тобы Расулуллаһқа: «Егер сен шынымен пайғамбар болсаң айды екіге бөліп, бір жартысын Куайкиан тауының, екінші жартысын Әбу Қубәйс тауының үстінен көрсет...» деді. Расулуллаһ алейһиссалам: «Егер айтқандарыңды істесем иман келтіресіңдер ме?» деп сұрады. Олар: «Иә, иман келтіреміз» деді. Расулуллаһ айдың екіге бөлінуі үшін Аллаһу та’алаға дұға етті. Жәбрейіл алейһиссалам сүйікті пайғамбарымыздың жанына келіп: «Ей Мұхаммед! Осы түнде Меккеліктерді мұғжизаны көруге шақыр» деді. Пайғамбарымыз айдың он төртіне, яғни ай толған түні ғибрат алғысы келетіндердің айдың екіге бөлінетінін көрулерін сұрады. Сол түні сүйікті пайғамбарымыз мүбәрәк саусағымен айды нұсқаған кезде, ай екіге бөлінді. Бір жартысы Әбу Қубәйс, екінші жартысы Куайкиан тауының үстінен көрінді. Сосын қайтадан бірікті. Расулуллаһ сахабаларына «Ей, Әбу Сәләмә бин Абдул-әсад, Әрқам бин Әбил-Әрқам! Куә болыңдар!» деді.

Қайғылы жылдар

Қоршау: Мүшриктер Исламның көңілдерден орын алуына, ықпалына және таралуына тосқауыл болу үшін бар күштерін салып жатқан еді. Осыған қарамастан, күн өткен сайын мұсылмандардың саны арта берді. Мұсылмандарға жасалған қастандықтар мен зұлымдықтар оларды жолдарынан мүлдем қайтармай, керісінше, бір-біріне деген қамқорлықтарының, бірліктерінің нығая түсуіне себеп болды. Ешқайсысы дінінен қайтпай, Расулуллаһтың жолында жандарын құрбан етуден де тайсалмады. Мұны естіген Мекке тысындағы тайпалардың қызығушылығы артып, Исламның нұры алыс жерлерге дейін таралып жатыр еді. Мүшриктер Хабашстанға жіберген елшілері мақсаттарына жете алмай бос қайтқанын, тіпті Нәжаши Әсхамәнің мұсылмандықты қабылдап, мұсылмандарды қорғап, олармен жақсы мәміледе болғанын естіп, ызаланғандарынан қаны бастарына шапты. Осы ашу-ызаларының кегін артығымен қайтару үшін және Исламды түп-тамырымен жою үшін олар мынадай шешім қабылдады: «Мұхаммед алейһиссаламды кім қай жерде көрсе өлтірсін!...» Кәпірлер осы келісімдеріне қайта-қайта ант етіп, уәде алысты.

Хабашстанға (Эфиопия) екінші көш

Хабашстандағы мұсылмандар «Меккеде мүшриктер мен мұсылмандар келісім жасасыпты» деген жалған хабар алғаннан кейін, оларға «Біздің хижретіміз (көшуіміз), жеріміз бен елімізді тастап кетуіміз мүшриктердің дұшпандығы кесірінен болатын. Енді олардың дұшпандығы достыққа айналыпты. Олай болса, барып Расулуллаһқа қызмет етейік» деген ой келді. Сөйтіп, Хабашстан билеушісінен рұқсат алып, Меккеге келді. Алған хабарларының жалған екенін білді. Сосын пайғамбарымызға барып, Хабашстанның суының, ауасының және жемістерінің нәрлі, күш беретінін, төрт ғибадатхана бар екенін, күнде ол жерде түйелер, қойлар сойылатынын, кедей-ғаріптер шақырылып, оларға жақсы мәміле көрсетілетінін, билеушілердің келіп жағдай сұрап тұратындығын және қиыншылықтарының жойылғанын ұзақ отырып әңгімелеп, Хабашсанға көңілі толатындықтарын білдірді.

Хазіреті Омардың мұсылман болуы

Хазіреті Хамза мұсылман болғаннан үш күннен кейін Әбу Жәһл мүшриктерді жинап: «Ей, Құрайш! Мұхаммед пұттарымызға тіл тигізді. Бізден бұрын өткен ата-бабаларымыздың тозақта азап көріп жатқанын, біздің де сол жерге баратынымызды айтты... Оны өлтіруден басқа амал жоқ!... Оны өлтірген адамға жүз қызыл түйе мен сансыз алтын беремін!...» деді. Бір кезде Хаттабұлы Омардың жүрегінен Исламға деген ынта жоғалып, орнынан атып тұрып: «Бұл істі Хаттабұлынан басқа істейтін адам жоқ» деді. Қасындағылар: «Ал, Хаттабтың ұлы! Көрейік сені...» деп қолдау көрсетті. Ол қылышын асынып, жолға шықты. Жолда Нуайм бин Абдуллаһты кездестірді. Нуайм бин Абдуллаһ одан: «Мынадай құлшыныспен қайда барасың?» деп сұрады. Хазіреті Омар: «Халықтың арасына іріткі салған, бауырды бауырға дұшпан еткен Мұхаммедті өлтіруге бара жатырмын» деді. Нуайм: «Йа, Омар, бұл өте қиын іс. Сахабалары оған ешнәрсе болмасын деп айналасынан шықпайды. 

Таулар құмға айналғанда...

Ислам діні күн сайын таралып, Құран кәрімнің нұры рухтарға жарық шашып, нәрлендіріп жатқан еді. Қараңғылық ішіндегі адамдар Аллаһу та’аланың ихсанымен иманға келіп, тура жолға түсіп жатты. Сахаба болу құрметіне ие болған бұл мүбәрәк адамдар (радиаллаһу анһум) бірігіп, бір-бірін қолдап, қуаттап пайғамбарымыздың айналасына жиналып жатты. Расулуллаһтың кішкентай бір өтінішін, қалауын үлкен бұйрық деп біліп, оны орындауға жарысып, тіпті сол жолда жандарын пида етуге дайын еді. Ал мүшриктердің болса мазалары кетіп, үрейлері арта түсті. Өйткені сол дәуірдің ер жүрек қаһармандарының бірі болған хазіреті Хамза да мұсылман болып, пайғамбардың жанынан орын алған еді. Бұл күтпеген оқиға мүшриктерді қатты алаңдатты.

Хабашстанға көшу

Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) пайғамбарлығының бесінші жылында мүшриктердің жасаған қастандық әрекеттеріне қарамастан мұсылмандардың саны артып жатқан еді. Бірақ, мүшріктер де жауыздық әрекеттерін көбейтіп, қолдарынан келген қиянаттың бәрін жасап жүрді. Пайғамбарымыз сахабаларының аяусыз қастандықтарға ұшырағанына, аяқтарының жіппен байланып, түйелермен тартылып, денелерінің бөлшектенуіне қатты қайғырды. Мұндай жауыздық әрекеттер бара-бара артып, Расулуллаһтың мейірімге толы жүрегі бұларға шыдай алмай жатты. Бір күні сахабаларды (радиаллаһу анһум) жинап:«Ей, Сахабаларым! Енді жер бетіне таралыңдар. Аллаһу та’ала жақында сендерді тағы да бір жерге жинайды» деді. Сахабалар: «Йа, Расулаллаһ! Қайда барамыз?» деп сұрады.

Мүшриктердің құран кәрімді тыңдауы...

Мүшриктердің беделді адамдары әр түрлі айлалармен, зұлымдықтармен адамдардың иман келтіруіне кедергі келтіретін. Мекке халқының Мұхаммед алейһиссалам оқыған аяттарды тыңдауларына кедергі болатын. Ал өздері болса, түнде жасырын түрде Мұхаммед алейһиссалам отырған үйдің жанына барып, бір бұрышқа жасырынып аяттарды тыңдайтын. Таң атып, айнала жарық бола бастағанда әрқайсысы түнде басқаларына білдірмей Құран кәрім тыңдауға келгендерін көріп қойып, бірі-бірін айыптайтын. «Ендігәрі бұлай істемейік» деп уәделесетін. Бірақ, ертеңіне кеш қарайғанда шыдай алмай тағы да бір-біріне білдірместен барып, тыңдайтын. Таң атқанда тығылып отырған орындарында бір-бірін көріп, «бізге не болған өзі» дегендей таңданысатын. Әрқайсысы енді бұлай істемеуге ант ішіп, тарқайтын, бірақ бәрібір бұдан бас тарта алмайтын. Сондай болуына қарамай, олар нәпсілеріне еріп, кісіленіп, басқа мүшриктердің айыптауынан қорқып, тағы да бірқатар бос уайымдарға беріліп иман келтірмеді. Өзгелердің де иманға келулеріне кедергі болды. Бұл да жетпегендей көшелерде: «Мұхаммед сиқыршы» деп шу көтеріп, жар салды.