Пайғамбарлығы және дінге шақыруы

Әлемдердің мырзасы “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” отыз жеті жасында ғайыптан «Йа Мұхаммед!» деп өзін шақырған дауыстарды еститін. Отыз сегіз жасқа аяқ басқанда оған бірқатар ғажайып нұрлар көріне бастады. Өзінің жағдайын тек хазіреті Хадишаға ғана айтатын еді. Мұхаммед алейһиссаламға пайғамбарлығы білдірілуге жақын қалғанда сол кездің атақты ақындарының бірі Қус бин Саидә Указ жәрмеңкесінде түйенің үстінде тұрып, көпшілікке арнап оқыған хутбасында Оның келетінін сүйіншілеген болатын. Пайғамбарымыз да бұл хутбаны тыңдағандардың арасында еді. Қус бин Саидә осы мәшһүр хутбасының бір бөлімінде былай деген:

Зәйд бин Хариса

Зәйд бин Хариса (радиаллаһу анһ) бала кезінде анасы Судамен бірге туыстарының еліне барған болатын. Осы жерде олар басқа бір тайпаның шабуылына тап болады. Шабуылдаған тайпа Зәйдті тұтқынға алып, Меккедегі Сук-ул Указ деген жәрмеңкеге сатуға қояды. Хазіреті Хадишаның немере інісі Хаким бин Хизам Зәйдті 400 дирхамға сатып алады да әпкесі хазіреті Хадишаға, ал ол пайғамбарымызға сыйға тартады. Ол күндерде пайғамбарымыздың хазіреті Хадишаға үйленген кезі болатын. Расулуллаһ оны азат етіп, үйінде алып қалды. Өйткені, азат болған Зәйд бин Харисаның баратын жері жоқ, сондай-ақ оған пайғамбарымыздан артық қарайтын адам да жоқ-тын. Сондықтан ол Расулуллаһтың жанында қуана-қуана қалды.

Жастық шағы

Барлық тұрғыдан адамдардың ең үстемі болған Мұхаммед алейһиссалам жас кезінде Мекке халқы арасында құрдастарына қарағанда үлкен беделге ие болған. Жақсы мінезі, адамдармен өте жақсы қарым-қатынас жасауы, байсалдылығы, әдептілігімен халықтың көңілінен шығатын. Адамдар оның осындай қасиеттеріне қарап таңданатын. Мекке халқы оның турашылдығы мен адалдығына байланысты Оны Әл-Әмин(өзіне әрдайым сенуге болатын адам) деп атаған. Осылайша, Ол жас кезінде осы атымен халық арасында танымал болды.

Ата-анасы иманды еді

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әкесі мен анасы Ибраһим алейһиссаламның дінін ұстанған мүмін, иманды кісілер болатын. Ислам ғалымдары олардың Ибраһим алейһиссаламның дінінде болғанын және Мұхаммед алейһиссаламға пайғамбарлығы білдірілгеннен кейін де Оның үмметінен болулары үшін тірілтіліп, кәлимаи шахадатты есітіп айтқандарын және осылайша осы үмметтен болғандықтарын айтқан. 

Мұхаммед алейһиссалам сегіз жасқа дейін атасының жанында болды.

Анасының қайтыс болуы

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) алты жасына дейін анасының қасында өсті. Алты жасында анасы және Үммү Әймән деген күңмен бірге туыстарын барып көру және әкесі Абдуллаһтың мазарын зиярат ету үшін Мәдина қаласына сапар шегіп барады. Ол жақта бір ай болады. Пайғамбарымыз Мәдинада Нәжжар ұлдарының көлшігінде жүзуді үйренеді. Сол кезде бір яһуди білгірі Оның арқасындағы пайғамбарлық мөрді байқап қалады. Қасына барып, есімін сұрайды. «Ахмед» деген кезде ол адам: «Мына бала ақыр заман пайғамбары болады» деп айқайлады. Сол жердегі кейбір яһуди ғалымдары да Ондағы пайғамбарлық белгісін көріп, жақында шығатын пайғамбардың осы бала болатыны жайлы өз араларында әңгімелесіп қалады.

Көкірегінің жарылуы

Халима ханым айтады: «Мұхаммед алейһиссалам бір күні: «Күндіз бауырларым көрінбейді. Себебі неде?» деп сұрады. «Қой бағуға кетті, үйге түнде келеді» дедім. Ол: «Мені де солармен бірге жібер. Мен де қой бағамын» деді. Түрлі сылтаулар тауып айттым. Ақырында көңілін қалдырмау үшін: «Жарайды» дедім. Ертеңіне шашын тарап, киіндіріп, сүт бауырларымен бірге жібердім. Бірнеше күн барып-келіп жүрді. Бір күні сүт бауыры Шәйма қырдан келген кезде: «Көзімнің қарашығы балам Мұхаммед қайда?» деп сұрадым. «Далада» деді. «Ыстыққа қалай шыдап жүр» дегенімде «Ей, анашым! Оған ешқандай зиян келмейді.

Пайғамбарымыздың дүниеге келуі

Әлем надандықтың тұңғиығына батып, жан-жақты зұлымдық қаптап, адамдар барлық нәрсенің жаратушысы болған Аллаһу та’алаға иман келтіріп, ғибадат жасауды тоқтатқан еді. Адамдар ғаламда болып жатқан құбылыстар мен Хақ та’ала жаратқан нәрселерге және өз қолдарымен жонып тас пен ағаштан жасаған пұттарына табынатын еді.

  Әлемді, барлық болмыстарды, адамдардың жүректерін қайғы басқан еді. Аллаһу та’аланың күллі жаратылыстардан үстем етіп жаратқан адамдардың тозақтан құтылуларына себеп болатын бір тұлға керек еді. Оның туылуына аз ғана уақыт қалған еді. Әлем Адам алейһиссаламнан сол күнге дейін таза маңдайлардан өтіп жеткен нұрдың иесін қарсы алуға дайындалып жатқан еді. Адамдар мен жындарға мәңгілік бақытты көрсететін теңдессіз ұлы адам келе жатыр еді! Мейірім пен шапағаттың қайнары болған ұлы адам келе жатыр еді!