«Жәннатул бақида» кімдер жерленген?

Бақи кейде «Бақиул-ғарқад» деп те аталатын мазар, Мәдина қаласының оңтүстік шығысында Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің жанында орналасқан. Бақи, Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) мазар ретінде рұқсат беруінен бұрын «Ғарқад» ағашымен қоршалған алаң болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларынан қайтыс болғандарды жерлеу үшін Бақи аумағын мазар етуге әмір береді. Халық арасында «Жәннәтул бақи» деген атпен белгілі болған бұл мазарға мұһажирлерден алғаш болып хазреті Осман ибн Мазғун (р.а.) мен аңсарлардан Әсғад ибн Зарура (р.а.) жерленді. Олардың қатарында пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлы Ибраһим, қыздары Рұқия (р.а.), Зәйнәп (р.а.), Фатима (р.а.), ағасы Аббас (р.а.) нағашысы Сафия бинт Абдулмутталиб (р.а.) және немересі Хасан (р.а.) да бар.

Халал және харам табыс

Бір жас жігіт Қағбада «Ей дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта қайта бір дұғаны қайталай бересің одан басқа ешнәрсе білмеймісің?» деп сұрайды. Оған былай деп түсіндіреді:

    “Осыдан 7-8 жыл бұрын Қағбада жүргенде ішінде мың алтыны бар қалташық тауып алдым. Ішімнен бір дауыс «бұл алтындармен мына мына нәрселерді жасайсың!» деп құтыртып жатқан еді. Өз-өзіме «жоқ, бұл меніңкі емес, біреудің затын қолдануым харам болады” дедім. Осы кезде біреу «Мынадай қалташық тауып алған адам бар ма?» деп айғайлап жүр еді. Оны шақырдым. Қалташықтың қандай екенін суреттеді және ішінде 1000 алтын бар» деп айтты. Қалташығын бердім. Ол да маған қалташықтан шығарып 30 алтын берді.

Құл ақысы

Сұрақ: Қай жағдайларда өзгенің ақысы өтеді және одан қалай құтылуға болады?

Жауап: Құл ақысы бес түрлі болады:

1) Мал-мүлікпен (ақшалай)

2) Нәфси (өмірлік тұрғыдан)

3) Ар-намыс тұрғысынан

Мұсылмандық көркем мінез деген сөз

Ислам – әдептілік және жақсы мінез діні. Пайғамбарымыз «Жақсы мінездерді толықтыру үшін, жақсы мінездерді дүниеге жаю үшін жіберілдім.» деп бұйырған. Расулуллаһ алейһиссалам тағы «Сендердің иман жағынан кәміл болғандарың мінезі жақсы болып, адамдарға жақсылық жасағандарың» деп тіпті иманды да мінезбен және адамдарға пайдалы болумен өлшеген.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде пайғамбарымызды «Ақиқатта сен үстем мінез иесісің.» деп бұйырып, мінез-хұлқын мақтаған.

Ихлас – халас (Тек ихласпен жасалған амал ғана адамды құтқарады)

Исламға толық мойынсұну – ілім, амал және ықыласпен (ихлас) жүзеге асады. Барлық сөзде, барлық жағдайда және барлық әрекетте өздігінен пайда болатын ықылас “мұхлас” адамға нәсіп болады. 

Ықылас (ихлас) – халис, таза ету, ниетті тазарту, дүниелік пайдаларды ойламай бүкіл істерді, әрекеттерді тек Аллаһ үшін жасау дегенді білдіреді. 

Ықылас денемен немесе мал мүлікпен жасалатын бүкіл парыз немесе нәпіл ғибадаттарды, мәселен жақсылық, қайырымдылық жасау, мұсылмандарды қуанту, оларды қиыншылықтан құтқаруды, зікірді, истиғфарды Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз.  

Мута некесі харам

Сұрақ: Дінімізде мута некесі бар ма?

Жауап: Мута некесі төрт мазһапта да харам болып табылады. Мута некесі –бір әйелге куәгерсіз, белгілі бір мөлшерде ақша беріп, белгілі бір уақыт бірге өмір сүруге келісім жасау деген сөз. Мута некесінің харам екендігі жайлы барлық ғұламалар арасында ауызбірлігі орнағаны Мизанул күбра және Ибн Абидин кітаптарында жазылған.

Имам Табарани былай білдірген:

Ит пен қораздың тілі

 Күндердің күнінде бір адам Мұса алейһиссаламға келіп:

-    Ей Мұса, мен үшін бір дұға етсеңіз жануарлардың тілін түсінетін

болайын, олардан өзіме сабақ алып, жақсы адам болар едім-деп өтінеді. Сонда Мұса алейһиссалам:

-    Сен үшін осы халің қайырлы (жақсы), көтере алмайтын жүкті арқалауға